abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Тастамашы, АНА

TastamashyАйгиз Баймұхаметов - жас жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік республикалық жастар сыйлығының лауреаты. Уфа қаласында тұратын жазушы бұл кітабында ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың қиын тағдырларын қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттейді.

Қазақ тіліне аударылған бұл шығарма Саят Қамшыгердің қаламынан қазақ қоғамының жүрегінен ерекше орын алатын түсінігі жетік, тілі орамды туынды болған. Аударма сапасының жоғары деңгейін айырықша атап өтуге болады, шығарма қазақ тіліндегі төл туындыдан кем түспеген.

Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған. Башқұрт әдебиетінің талантты өкілінің бұл кітабы орыс, татар, чуваш, қырғыз, әзірбайжан, моңғол тілдеріне аударылып, үлкен сұранысқа ие болып, жұртшылықтың қызығушылығын оятқан.

Шығарма қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр.

Семей қасіреті

SemeyKasyreti«Семей полигонынан зардап шегіуші ретінде маған берілген 02-00191 санды куәлікте ядролық жарылыс астында 37 жыл 2 ай болғаным ресми расталған. Демек мен осы кітапта Сөз болатын шерлі оқиғалардың бәріне де тірі куәгермін. «Толған ел тарихын жақпар тасқа жазады. Тозған ел басынан кешкенді көз жасымен жуады» деген уәжге бағып, туған еліммен бірге басымнан кешкен ғасырлық қасіретті шертпей өмірден аттансам - жер басып жүргеніне мәз тоғышардың бірі болмайын деген жегі ой мені жиі мазалап, әсіресе полигон зардабынан тап болған ауыр дерттен дәрігерлер жәрдемімен сауыққан кезімде жазу үстеліне шегендегені анық...» - деген жүрекжарды сырын М. Сәрсеке осы кітаптың алғысөзінде бекерге жазбаған.

Осы ойдың жетегімен туған «Семей қасіретінде» шертілетін ащы ақиқат ке- шегі ХX ғасырда адамзат қауымына ел билеушілері жасаған аса ауыр қастан- дық жайында деректі эссе түрінде өрілген кітапты оқыған кезде иланасыз.

Жасампаз жандардың 7 дағдысы

7Dagdy«Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды.70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясат- керлерге дейін қызыға оқитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды.

       Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай? Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Маңызды әрі шұғыл шаруаның қайсысына алдымен кезек берген жөн? Күн сайын көлденең келетін  жаңа сынақтарға төтеп беру үшін өзімді қалай жетілдіремін? Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі –төрткүл дүниені  түгел мойындатқан «...7 дағды».

Sapiens

SapiensЖүз мың жыл бұрын Ноmo sapiens осы ғаламшарда өмір

 сүрген алты түрдің бірі еді. Эко жүйеде горилладан, жарқырауық

қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ, елеусіздеу жануар болатын.

Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Ноmo sapiens -тің когнитивті қарым-қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі эко жүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды және күйреді? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Ғылым мен капитализм қалай ғана жаңа заманның ең басты арқа сүйеріне айналып шыға келді? Жүйткіген уақыт ағымында адамдар шынайы бақытқа кенеле алды ма? Болашақта бізді не күтіп тұр?

        Кітап өткен кезендердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа

зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.

Мир мой-Музыка

85.31
Ж 83

Жубанова Г Мир мой-Музыка: (статьи,очерки,воспоминания). К 90-летию композитора /Составление и редакция Д.А.Мамбетовой –Алматы: Хантәңірі баспасы,2017.-415 с.

Книга представляет читателю статьи, очерки, эссе, воспоминания народной артистки СССР,композитора Г.А.Жубановой. Сочинениям автора присущи значитальность охвата актуальных проблем современного мира,философская обощенность и драматическое действенное начало,цельность,логичность формы и субьективная лиричность высказывания,уходящие глубокими корнями в традиционную национальную музыкальную культуру.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін31
Кеше201
Осы аптада1152
Осы айда5197
Барлығы98837

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн