
Оқығанның әрқашан мол танымы,
Ортаймаған Аралдың өр қалыбы.
Кітаптардың жұлдызын жинап алған,
Жарқырап тұр «Руханият орталығы».
Сұлу сөзден маржан ой жиыңыздар,
Ақыл нәрін санаға құйыңыздар.
Кітаптарды сыйғызған құшағына,
Енді біздің Руханият үйіміз бар!
Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін енгізген Ұлттық құрылтайдың отырысында «Кітапхана–мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек» деген еді.
Арал қаласында “Руханият" орталығы ашылды .
Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сәулеті келіскен , қаламызға ерекше көрік берген, "Руханият" орталығында орналасқан Аудандық орталық кітапхана және аудандық орталық балалар кітапханасының оқырмандары үшін де айтулы күн , қуанышты жаңалық.
Заманауи , жарық , оқырман үшін мол мүмкіндік пен кеңістік сыйлайтын , жанға жайлы жап - жаңа оқу залы , балаларды ерекше әлемге шақырып, ертегілер еліне елітетін балалар бөлімі және ерекше, сәнді форматта жабдықталған электронды оқу залы көрінгенді тамсандырып , кез келген оқырманның қызығушылығын арттырды.
Кітаптардың ҚҰТТЫ мекені - жаңа кітапхананың әрбір оқырманы үшін " Руханият " орталығы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін , ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, тарих пен тағылымның , мәдениет пен бірліктің ордасы болары хақ!





