abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Ризашылық – риясыз көңілден

rizashylyk riyasyz koildenАрал аудандық орталық кітапхана мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күні аясында «Ризашылық – риясыз көңілден» атты әсерлі интерактивті кездесу кеші өткізілді.

Тағылымы мол шараның басты мақсаты :Алғыс айту мереексі қарсаңында Ұстаз еңбегін дәріптеу, ризашылық сезімінің маңызын ұғындыру және жас ұрпақтың жүрегіне алғыс мәдениетін сіңіру болды.

Кездесудің құрметті қонағы – ардақты ұстаз, талай шәкірттің жүрегіне білім нәрін құйған білікті педагог Қзаева Лиза апай болды. Кеш барысында ұстаздық жолы, өмірлік ұстанымы мен ризашылық сезімінің мәні жайлы тағылымды ойлар айтылып, еркін сұхбат ұйымдастырылды.

Шара барысында мәдениет үйінің әншісі С.Дінжанова «Алғыс» әнін орындап, кештің көркін аша түсті. Сонымен қатар, Лиза апайдың шәкірттері жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, ән мен биден шашу шашып, ұстазға деген құрметтерін ерекше әсермен жеткізді.

Интерактивті бөлімде көрермендерге ситуациялық сұрақтар қойылып, әр қатысушы ұстазына деген алғысын білдіруге мүмкіндік алды. «Рахмет» челленджі барысында барша жиналған қауым бір-біріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, ерекше рухани атмосфера қалыптасты.

Сондай-ақ, алыста жүрген шәкірттердің бейнеролик арқылы жолдаған құттықтауы кеш мазмұнын аша түсті.

Тағылымы мол кеш соңында ұйымдастырушылар ұстаз еңбегінің қашанда биік екенін атап өтіп, «Ұстаз – ұлы тұлға» екендігін тағы бір мәрте айқындады.

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін18
Кеше194
Осы аптада2969
Осы айда3469
Барлығы208009

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн