abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Оқуға бастар жүз қадам

okuga bastar zhuz kadamРуханият орталығында орналасқан Арал аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жалпыхалықтық оқуға ұсынылған "100 кітап" аясында "Жүз кітап - жүз қазына" атты мекемеаралық оқу жобасының ашылу салтанаты өткізілді.

Аудандағы мекемелердің басын бір бағытта тоғыстырған жаңа атаулы жоба мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Кітап оқитын ұлт" тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда.

Салтанатты кеш кітапханашылардан құралған "Жаңалық жаршысы" үгіт бригадасының жалынды жырымен басталды.

Кешті "Жүз кітап- жүз қазына" жобасының бастамашысы, аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев ашып, барлық қатысушы мекемелерге жобаның өзектілігі мен маңызын түсіндіріп, оқу мәдениетін қалыптастырып, рухани құндылықты дәріптейтін жобаның шабытқа толы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Одан әрі жоба жетекшісі, жоғары дәрежелі кітапханашы М.Утегенова жобаның жалпы мақсаты мен жылдық жұмыс жоспарын кеңірек таныстырды.

Кештің "Ашық микрофон" бөлімінде Аралдың ардақты азаматтары ақын Жұмабай Жақып және Ерғали Абдулла сөз алып жобаның жұмысына оң бағасын беріп, рухани тағылымды ойларын ортаға салды.

Шара барысында "Жүз кітаппен ашылған рухани әлем" атты диалог-кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

"Жүз кітап - жүз қазына " жобасы - жай статистика емес, қоғамдық сана көрінісі. Жоба нәтижесінде әр мекеме кітап оқу, әдеби талқылау мәдениетінің дамуына үлес қоса алады!

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін20
Кеше194
Осы аптада2971
Осы айда3471
Барлығы208011

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн