abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Ақын өмірінен сыр

akyn mirinen syrРуханият орталығында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жазушы, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай “Ақын өмірінен сыр” атты әдеби кеш өтті.

Шараға кітапхана оқырмандары, зиялы қауым өкілдері мен әдебиет сүйер қауым қатысты.

Әдеби кештің мақсаты – ақынның өнегелі өмірін еске алу, шығармашылығын насихаттау.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы айтылып, оның шығармаларының мәні мен философиялық тереңдігі талқыланды.

Сонымен қатар, әдеби кешке арнайы Ақтөбе қалалық 13 кітапхана қашықтан қосылып, ақын шығармашылығына қатысты құнды пікірлер білдіріп, әдеби байланысты нығайта түсті.

Алматы қаласынан тікелей эфирге шыққан ақынның жары Жұмагүл Сариева ақынның жеке өмірі мен шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісті. Жұмагүл апай Шөмішбай Сариевтің әрбір өлеңінде халыққа деген шынайы махаббат, адамгершілік және рухани терең ой жатыр екенін атап өтті.

Кеш қонағы ақын Толыбай Абылаев өз сөзінде Шөмішбай Сариевтің әдебиеттегі орны мен өнегелі еңбек жолын жан-жақты сипаттады. Ол ақынның поэзиясындағы мәнді идеялар мен ұлттық дәстүрге берілген құрметті ерекше атап өтті.

Кеш барысында ақынның өлеңдерін аудандық оқушылар үйінің өнерпаздары мәнерлеп оқыса , аудандық мәдениет үйінің әншісі Самал Дінжанова ақынның сөзіне жазылған "Сағым жылдар" әнін шырқады.

Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде ақынның еңбектері мен жинақтары ұсынылып, көрермендер онымен танысуға мүмкіндік алды.
Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы – тек өлең мен прозадан ғана тұрмай, ол қазақ мәдениетінде және рухани әлемінде өлмес із қалдырған тұлға. “Ақын өмірінен сыр” атты кеш осы ұлы тұлғаның есімін жаңғыртып, әдеби мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызды қадамы болды.

akyn mirinen syr2

akyn mirinen syr3

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін9
Кеше194
Осы аптада2960
Осы айда3460
Барлығы208000

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн