abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Жасанды интеллект және кітапхана

zhasandy intellekt zhane kitapkhana23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып жатқан мерекелік шараға Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Жасанды интеллект және кітапхана" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Заманауи жабдықталған кітап көрмесіне Қызылорда қаласы тұрғындары мен кеш қонақтары ерекше назар аударып, қызығушылық танытты.

Қазіргі заман – білім мен технологияның тоғысқан дәуірі. Осы бағытта ұйымдастырылған «Жасанды интеллект және кітапхана» көрмесі – дәстүрлі кітап әлемі мен цифрлық инновацияның үйлесімін айқын көрсететін ерекше алаң.

Көрменің басты мақсаты – оқырмандарға жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстыру, кітапхананың жаңа заманға бейімделуін көрсету және білім алудың заманауи жолдарын насихаттау. Мұнда ұсынылған материалдар арқылы келушілер цифрлық технологиялардың кітап оқу мәдениетіне қалай әсер етіп жатқанын тереңірек түсіне алады.

Көрме мазмұны бірнеше бағытты қамтиды:

– Жасанды интеллект туралы танымдық ақпараттар;
– QR-код арқылы қолжетімді цифрлық ресурстар;
– «ЖИ – жазған өлеңдер» бөлімі арқылы технологияның шығармашылықтағы рөлі;
– Кітапханадағы жаңа IT мүмкіндіктер мен инновациялық жобалар.

Көрмеде заманауи визуалды элементтер, интерактивті құралдар және ерекше дизайн қолданылып, оқырман назарын бірден аударады. Әсіресе, жасанды интеллект бейнесіндегі көрнекіліктер мен цифрлық форматтағы ұсыныстар келушілерге ерекше әсер сыйлайды.

Сонымен қатар кітапханашылардың заман көшінен қалмай заманауи мүмкіндіктерді терең меңгеріп, оны кітапхана оқырмандарына үйретуде де тынбай еңбек етіп келеді. Атап айтар болсақ аудандық орталық кітапхана жанынан құрылған "Ақылды кітапхана" жобасы жаңа мүмкіндіктер мен креативті идеяларға толы орта құруда.

Бүгінгі кітап көрмесі – кітапхананың тек кітап сақтайтын орын ғана емес, заманауи білім мен технология орталығына айналып келе жатқанын дәлелдейді. Жаңа идеялар мен тың мүмкіндіктерге жол ашатын бұл алаң – болашаққа бастар көпір.

Кітап пен технология тоғысқан жерде – жаңа әлем басталады!

zhasandy intellekt zhane kitapkhana2

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін172
Кеше157
Осы аптада871
Осы айда7270
Барлығы158277

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн