abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

"Кітап шоу- 2026" кітап фестивалі

kitap shou 2026 kitap festivaliАудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында "Кітап шоу - 2026" кітап фестивалі өткізілді.

Кітаптың құны мен кітапханашының мәртебесін көтерген ауқымды іс - шараға ауданның зиялы өкілдері, ақындар мен жазушылар, кітапхана саласының ардагерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Аталған мереке аясында өткізілген бұл шараның басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және қоғамда кітапхананың рөлін насихаттау.

Фестиваль барысында «Кітап – мәңгілік мұра» кітап көрмелері, «Жасанды интеллект және кітапхана» жаңа кеңістік алаңы ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жаңа әдебиеттер мен интеллектуалды ойындар ойнатылды.

Кітап фестивалінің екінші бөлімі "Әлемнің кілті кітапта, ал кілт иесі - Кітапханашы" атты мерекелік кешпен жалғасты.

Фестиваль аясында кітапхана қызметкерлерінің еңбегі де ерекше атап өтіліп, үздік кітапханашылар марапатталды. Бұл – кітапханашылардың қоғамдағы маңызын арттырып, олардың кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.

Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар күніне арналған бұл фестиваль – рухани жаңғыруға бағытталған, оқырман мен кітапты тоғыстырған маңызды мәдени шаралардың бірі болды. Кітапсүйер қауым үшін бұл күн ұмытылмас әсерге толы мерекеге айналды.

kitap shou 2026 kitap festivali2

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін171
Кеше157
Осы аптада870
Осы айда7269
Барлығы158276

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн