abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Отбасы құндылықтары және дәстүр

otbasy kundylyktary zhane dasturАудандық «Руханият» орталығында «Отбасы құндылықтары және дәстүр» тақырыбында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеген мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға Қаратерең, Шөмішкөл, Жаңақұрылыс ауылдарынан келген өнегелі отбасылар мен «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара аясында халқымыздың терең мәнге ие «Сүйек жаңғырту» дәстүрінен сахналық пролог қойылып, көрермен қауымға ұлттық салттың тәрбиелік әрі рухани маңызы кеңінен насихатталды. Көрініс арқылы ата дәстүрдің ұрпақ санасындағы орны мен туыстық байланысты нығайтудағы мәні әсерлі жеткізілді.

Шараның арнайы қонақтары Қаратерең, Шөмішкөл, Жаңақұрылыс ауылының үлгілі отбасылары отбасы бірлігі мен құндылығы туралы ой өрбітіп, өз өнерлерін көрсетіп, отбасындағы дәстүрге айналған ұлттық құндылықтары - қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарын кеңірек таныстырды.

Кездесу барысында қатысушылар мен оқырмандар арасында танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр, отбасы тәрбиесі, қазақы құндылықтар жөнінде пікір алмасу өрбіді.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы берекесін дәріптеген бұл басқосу — рухани сабақтастықты нығайтқан, тәрбиелік мәні зор мазмұнды кездесу болды.
Кеш соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов құттықтау сөз сөйлеп, үлгілі отбасыларға сый - сыяпаттар табыстады.

Шара аясында "Отбасы - өмір шуағы" атты кең көлемді кітап көрмесі көпшілік оқырманға таныстырылды.

otbasy kundylyktary zhane dastur2

 

Пікірлер  

0 #1 Davidrow 18.08.2026 02:53
Вывод из запоя представляет собой комплекс медицинских действий, направленных на прекращение употребления спиртного, снижение последствий интоксикации и стабилизацию самочувствия. Детоксикация не лечит зависимость как заболевание полностью, однако делает первый этап безопаснее и создает условия, чтобы затем идти к кодированию, психотерапии и реабилитации. Врачи учитывают, сколько дней человек пил, какие напитки употреблял, проходил ли вывод из запоя раньше и какие препараты принимает постоянно.
Подробнее - https://n.narkologicheskaya-klinika-v-kemerovo18.ru/
Цитировать

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін389
Кеше489
Осы аптада389
Осы айда4395
Барлығы175902

Қазіргі оқырмандар саны

6
Онлайн