abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Өлке сырын өрнектеген тұлға

olke syryn ornektegen tulgaРуханият орталығында Аманөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өлкетанушы, бірнеше кітаптардың авторы Тәңірберген Дәрменовпен «Өлке сырын өрнектеген тұлға» атты кездесу кеші өткізілді.

Кешке аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Махатов, ақын- жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Сыр бойы — талай саңлақты дүниеге әкелген киелі мекен.

Бұл топырақтан елдің сөзін сөйлеген шешендер, жырын тербеген ақындар, тарихын түгендеген тұлғалар шыққан.

Солардың бірі — туған жердің тағдырын жүрек сүзгісінен өткізіп, өлкенің өткені мен бүгініне қалам арқылы жан бітірген өлкетанушы, бірнеше кітаптардың авторы, руханият жанашыры — Тәңірберген Сейтжанұлы Дәрменов.

Кездесу кеші кештің құрметті қонағы Тәңірберген Дәрменовтің өмірі мен еңбек жолына арналған видеороликпен бастау алды.

Кешті Аманөткел ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Муат Ералиев жүргізіп, өлке тарихынан сыр шертіп, Арал ауданында еңбек еткен Тәңірберген Дәрменовке сұрақтар қоя отырып, сырлы сұқбат құрды.

Тәңірберген Сейтжанұлы — саналы ғұмырын ел қызметіне арнаған тұлға.

Ұстаздық жолы — өнеге, мемлекеттік қызметі — абырой, ал өлкетанушылық еңбегі — рухани мұра.

Ол кісінің зерттеулері арқылы талай тарихи дерек жаңғырып, көмескі қалған есімдер қайта сөйлегендей болды.

«Мырзастан шықты шайырлар», «Ишандар өткен ғұлама, хабар берген Алладан» секілді еңбектері — ұлттық руханият қорына қосылған қымбат дүниелер.

Шара барысында ақын жазушылар, үзеңгілес достары, ауданның зиялы қауым өкілдері Тәңірберген Дәрменовтің еңбектері мен шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерін білдіріп , өнерпаздар әннен шашу шашты.

Кеш соңында «Өлке тарихын зерделеген зерттеуші» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

olke syryn ornektegen tulga3

olke syryn ornektegen tulga2

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін180
Кеше157
Осы аптада879
Осы айда7278
Барлығы158285

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн