abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Қазақ музыкасының бәйтерегі

Орталық балалар кітапханасында Көрнекті сазгер Мұқан Төлебаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты өнер сағаты өткізілді. Шараға 15 оқырман қатысты. Мәдени іс-шараның мақсаты: атақты сазгер Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, артына қалдырған асыл мұра туындыларың жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу.
Шара барысында кітапханашы А.Қырымова: сазгердің өмірі мен қысқа өмірінде жазып қалдырған жүзден аса музыкалық шығармалары жайлы мағлұмат берді.

Подробнее...

Қазақ операсының сандуғашы

kazak opereasynyn sandugashyҚалалық балалар кітапханасында өнер саласы әдебиеттерін насихаттау бағытында, опера әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Жаманованың туғанына 90 жыл толуына орай, өнер әлеміне саяхат жасау арқылы, оқырмандардың өнерге деген құмарлығын арттыру, рухани дүниесін байытып дамыту мақсатына негізделіп, «Қазақ операсының сандуғашы» тақырыбында ретро шолу өткізілді. Қатысқаны:27

Подробнее...

Зергерлік өнер әлемі

zergerlik oner alemiҚалалық балалар кітапханасында «Зергерлік өнер әлемі» атты көрме жанындағы әңгіме өткізілді. Мақсаты : Оқырмандарға зергерлік өнер туралы тың мәліметтер бере отырып, ұлттық өнерге деген қабілеттерін дамыту. Халық шеберлерінің өнер туындыларын таныту және туған өлкенің бай мұра қазынасын көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу. Қатысқаны: 24.
Кітапханашы М.Өтегенова: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жəне төртінші өндірістік революциялық жағдайындағы Қазақстанның өркендеуіне бағытталған жолдауында, Елбасымыз аталған тақырыпты қозғай отырып, ең негізгі ерекшелік ретінде ұлттық өнерге баса назар аударған болатын.

Подробнее...

Қарымталы өнер иесі

karymtaly oner iesiҚалалық балалар кітапханасында Қазақтың көрнекті актері, үлкен дарын иесі Н.Жантөриннің туғанына 90 жыл толуына орай, оқырмандарға тұлғалық бейнесін танытып, өскелең ұрпақты өнер әлеміне бейімдеу, ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру мақсатында “Қарымталы өнер иесі» атты өнер сағаты өткізілді. Қатысқандар саны 21 оқырман.
Шара аясында оқырмандарға дархан дарынымен, өзіне ғана тән орындаушылық ерекшелігімен, көркем-әстетикалық талғамымен дараланған түпсіз қиялдың, шынайы шабыттың, терең ойдың актері атанған Н.Жантөриннің творчествосы кеңінен танытылды.

Подробнее...

Жүректен жүйрік өлең бұлқынған

zhurekten zhuirik elen bulkynganҚалалық №1 кітапханада Әнші-композитор А.Қоразбаевтың 70 жасқа толуына орай «Жүректен жүйрік өлең бұлқынған» таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға сырлы әндерімен сыр шерткен А.Қоразбаевтың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орындарының ерекшелігі туралы мағлұматтар беру. Шараға 23 оқырман қатысты.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін439
Кеше489
Осы аптада439
Осы айда4445
Барлығы175952

Қазіргі оқырмандар саны

7
Онлайн