Абай атындағы орталық кітапханада «2019 жыл-Жастар жылы» болып жариялануына орай жастардың бойында жауапкершілікті арттырып, ерінбей еңбек етуге, болашақтың алтын діңгегі, мемлекеттің асыл тірегі екенін бойына сіңіріп,жан-жақты дамыған, озық ойлы білімді тұлға қалыптастыру, жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер туралы ой бөлісу мақсатында Арал индустриалды-техникалық колледж жастары арасында «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында» атты пікір алысу кеші өткізілді.

Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сексеуіл қыстақтық кітапханада коворкинг орталық ашылды. Салтанатты шараға Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дарменов, кент әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Үмбетәлиев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүйенғараев, ауыл ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысты.

