Арал аудандық Орталық кітапхана 2018 жылдың 13 қазаны күні аудандық мәдениет үйінде эколог-жазушы, публицист, Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай шығармашылық кешіне «Айдынды теңіздің айбынды ұлы» атты кең көлемді, мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің мақсаты: Абыз Аралдың азаматы, өмір майданының қазанаты, теңіз тілекті, жауынгер жүректі, Сайлаубай Жұбатырұлының өнержолы мен шығармашылығын кейінгі ұрпақтарға насихаттау.
Шыншыл да, сыншыл қаламгер
Арал ауданында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Шәкірат Дәрмағамбетовтың 90 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кеші болып өтті. Теңіздей тулап, дариядай тасып, қиял құсының қасиетті қанатын қолға алып, оны көңіл дәуіріндегі сезім сиясына малып, жүрек жылуымен, қан қызуымен жазатын журналист Шәкірат Дәрмағанбетовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Орталық кітапхана «Шыншыл да, сыншыл қаламгер» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға
Қызылжар ауылдық кітапханасында «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жұргеновтің туғанына 120 жыл толуына байланысты, қайраткердің өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды ұлтжандылыққа, елін жерін сүюге тарихын білуге насихаттау.
Шара барысында кітапханашы Аймбетова М: Сыр Елінің мақтанышы қоғам қайраткері, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында 1898 жылы дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған.
Орта Азия мен Қазақстандағы шоқтығы биік кемеңгер
Орталық балалар кітапханасында қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына орай «Орта Азия мен Қазақстандағы шоқтығы биік кемеңгер» атты тарихи сағат өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерін көпшілік оқырманға таныту, насихаттау. Шараға 20 оқырман қатысты.
Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен
Қамбаш ауылдық кітапханада Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен күн» атты тарихи таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік Ел» Стратегиясын іске асыру, қазақ тарихы мен салт-дәстүрін еске түсіру арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухын көтеру, азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайту арқылы, ұлттық сананы қалыптастыру. Іс-шараға қатысқандар саны: 25



