Жақсықылыш қыстақтық кітапханада «Кітап ұлттық рухани қазына» атты дөңгелек стол болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға бүгінгі шара арқылы кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Шараға кент әкімшілігінің қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар, барлығы-15 оқырман қатысты.
Кітаппен бірге әлемді танимыз
Сексеуіл ауылдық кітапханасында «Кітаппен бірге әлемді танимыз» тақырыбында флеш-моб өткізілді. Шараның мақсаты: Оқырмандардың кітапқа назарын аудару, олардың рухани байлығын молайтып, елімізде оқу мәдениетін дамыту. Ұлтымыздың рухани жаңғыруын жаңа сатыға көтеруге өз үлесін қосу. Кітапханаға жаңадан оқырмандар тарту. Шараға 21 оқырман қатысты.
Шара барысында кітапханашы Б.Жаманқараева кітаптың әрбір адамзат баласына берер пайдасы, даналығы мен құндылығына ерекше тоқталды.
Кітап - менің рухани қазынам
Қызылжар ауылдық кітапханасында 23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қоғау күніне орай «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, кітап оқуды насихаттай отырып, адамзат бойындағы рухани жұтаңдыққа жол бермеу, оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, ой-өрістерін дамыту мақсатында «Кітап - менің рухани қазынам» атты оқырмандар лентасы өткізілді. Шараға 25 оқырман қатысты.
Латын әліпбиі – өркениетті әлемге апарар жол
Жаңақұрлыс ауылдық кітапханасында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап айтылған қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттау, маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Латын әліпбиі – өркениетті әлемге апарар жол» атты таным сағаты өткізілді. Шараға №74 мектеп жоғары сынып оқушылары, барлығы - 25 оқырман қатысты.
Латын әрпі-болашақтың бағдары
Қалалық №3 кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру латын әліпбиімен таныстыру мақсатында «Латын әрпі-болашақтың бағдары» тақырыбында таным сағат өтті. Шараға №260 мектеп оқушылары, барлығы-27 оқырман қатысты.



