Қалалық №3 кітапханада «Елбасы жолдауы-елдіктің арқауы» атты библигорафиялық шолу өткізілді. Шараның мақсаты: Елбасы жолдауын насихаттау, сол арқылы оқушыларды үздіксіз білім алуға шақырып, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелеу. Шолуға «Арал-ИТК» №79 топ студенттері, барлығы-25 оқырман қатысты.
Жолдауды қолдау
Жақсықылыш қыстақтық кітапханада «Жолдауды қолдау» атты оқырмандар арасында талдау болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға Елбасының кезекті жолдауын таныстыра отырып, әлемдік экономикадағы технологиялық үрдістерден қалыспай, жаңа экономикалық революцияға бет бұруға үндеген жаңа жолдаудағы айтылған ірі міндеттерді насихаттай білу.
Талдауға кент әкімшілігінің қызметкерлері мен кітапханашылар, барлығы - 12 оқырман қатысты.
Елбасы Жолдауы-жаңа тарихи дәуірдің бастауы
Сексеуіл ауылдық кітапханасында «Елбасы Жолдауы-жаңа тарихи дәуірдің бастауы» ақпараттық сағат өткізілді. Елбасы Жолдауы заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, біртұтас ұлт болуда қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат екенін түсіндіру. Қатысқан оқырмандар саны: 20
Тарихи маңызы зор құжат
Қалалық балалар кітапхансында Елбасы жолдауын насихаттау, ақпарат беру, азаматтық сананы қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Тарихи маңызы зор құжат» атты жолдауға талдау өткізілді.
Шараға №83 орта мектеп мұғалімдері,жоғары сынып оқушылары, барлығы-24 оқырман қатысты.
Талдау аясында стратегиялық маңызды құжаттың ел дамуына жол ашатын басым бағыттарына тоқталып, басты инвестиция – адами капиталға ерекше көңіл бөлінді. Білім беру сапасы ұдайы назарда тұруы қажеттігі айтылып, сұранысқа орай кәсіптік білім берудің маңыздылығы да сөз болды.
Елбасы жолдауы – мемлекеттің тұрақты даму кепілі
Сексеуіл қыстақтық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен және оның бағыт – бағдарларымен таныстыру, насихаттау мақсатында «Елбасы жолдауы – мемлекеттің тұрақты даму кепілі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Шараға әкімшілік қызметкерлері және мектеп кітапханашылары, тұрақты оқырмандар, барлығы-26 адам қатысты.



