abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Жүз кітап: Руханиятқа жүз қадам

zhuz kitap rukhaniyatka zhuz kadamҰлттық кітап күні аясында «Жүз кітап — жүз қазына» жобасының кезекті «Жүз кітап: Руханиятқа жүз қадам» атты ерекше форматтағы жанды кітап кеші ұйымдастырылды. Шараға Арал индустриялды-техникалық колледжі, Жастар ресурстық орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

Кештің басты ерекшелігі — қатысушылар оқыған туындыларын «жанды кітап» форматында таныстырды. Әр мекеме өкілдері таңдалған шығармаларды жай ғана баяндап қоймай, терең талдау жасап, арнайы қойылымдар мен мазмұнды шолулар арқылы автордың негізгі идеясын көрерменге жеткізді. Бұл басқосу мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің кітап оқу мәдениетіндегі жетістіктерін айқындап, оқуға деген құштарлықтың жаңа белесін көрсетті.

Подробнее...

Ақын өмірінен сыр

akyn mirinen syrРуханият орталығында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жазушы, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай “Ақын өмірінен сыр” атты әдеби кеш өтті.

Шараға кітапхана оқырмандары, зиялы қауым өкілдері мен әдебиет сүйер қауым қатысты.

Әдеби кештің мақсаты – ақынның өнегелі өмірін еске алу, шығармашылығын насихаттау.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы айтылып, оның шығармаларының мәні мен философиялық тереңдігі талқыланды.

Подробнее...

Ержеңіс - Асыл өнердің алып нары

erzhenis asyl onerdin alyp nary1Руханият орталығында "Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің" ұйымдастыруымен жерлесіміз, талантты ақын, айтыскер,ұстаз, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЕРЖЕҢІС ТАСТЫБАЙҰЛЫНЫҢ шығармашылығына арналған "Ержеңіс - асыл өнердің алып нары" атты кездесу кеші өткізілді.

Өлең мен өмір, оқырман мен ақынның рухани байланысын нығайтқан тағылымды кешті "Amanat" партиясының Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Қанатов ашып, ақынға ыстық ықыласын жеткізіп, Арал ауданы әкімінің алғыс хаты мен сый - сыяпатын табыстады.

Подробнее...

Наурыз береке бастауы

nauryz bereke bastauy10Аудандық орталық кітапхана орталық алаңда "Наурызнама" онкүндігі аясында 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күніне орай «Наурыз береке бастауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көпшілік назарына ұсынылған кең көлемді кітап көрмесінде халқымыздың бай мұрасын, Наурыз мерекесінің шығу тарихын, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды кеңінен таныстыратын құнды кітаптар ұсынылды.

Ұлыстың ұлы күнінің құндылығын дәріптейтін "Наурызнама" онкүндігінің әр күніне жеке тоқталған кітап көрмесінде:

Подробнее...

Оқуға бастар жүз қадам

okuga bastar zhuz kadamРуханият орталығында орналасқан Арал аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жалпыхалықтық оқуға ұсынылған "100 кітап" аясында "Жүз кітап - жүз қазына" атты мекемеаралық оқу жобасының ашылу салтанаты өткізілді.

Аудандағы мекемелердің басын бір бағытта тоғыстырған жаңа атаулы жоба мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Кітап оқитын ұлт" тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда.

Салтанатты кеш кітапханашылардан құралған "Жаңалық жаршысы" үгіт бригадасының жалынды жырымен басталды.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін179
Кеше157
Осы аптада878
Осы айда7277
Барлығы158284

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн