abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Еліне бақыт сыйлаған Әз-Науры

eline bakyt syilagan az naury1Жақсықылыш қыстақтық кітапханада «Еліне бақыт сыйлаған Әз-Науры» атты әдеби - мерекелік кеш болып өтті. Мақсаты: Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекелік кешке кент әкімшілік қызметкерлері, тұрақты оқырмандар, барлығы - 19 адам қатысты.

Подробнее...

Отбасы парасаттылық бастауы

otbasy parasattylyk bastauy1Қалалық №4 кітапханада Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы парасаттылық бастауы» атты көрме жанындағы әңгіме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Отбасы құндылықтарының өзектілігін кейінгі ұрпаққа ұғындырып, отбасылық тәлім-тағылым мен пайдалы кеңестер беріп, отбасына деген сүйіспеншілік, мейрімділік сезімдерін ояту үлкенді-кішіні сыйлауға аялауға деген сезімдерін паш ету.
Шара барысында кітапханашы Л.Дарменова: «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.

Подробнее...

Отбасы – мәңгілік елдің тірегі

otbasy magilik eldin tiregi1Орталық кітапханада отбасы күніне орай Отанымыздың бақыты – отбасы бақытынан басталатыны, адамның бақыты отбасындағы береке бірлікте, отбасының берекеті - иманнан, отбасы бақыты-ұрпақ жалғастығында екенінен мол мағлұмат беріп, сыр ақтаратын кітап қорындағы шығармалардан ұйымдастырылған «Отбасы – мәңгілік елдің тірегі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып,көрме жанындағы әңгіме өткізілді.

Подробнее...

Жат ағымның арбауынан аулақ бол

zhat agymnyn arbauynan aulak bol1Сексеуіл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №231 мектепте қазіргі таңда ел арасына іріткі салып, айрандай ұйып жатқан халқымыздың бірлігін бұзу әрекеттерін жасап жүрген жат ағымдардың алдын алып, жастарға дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында «Жат ағымның арбауынан аулақ бол» атты пікір алысу кеші өткізілді.
Шараға Сексеуіл кентінің бас имамы А.Ізбасханов, Ішкі істер бөлімінің инспекторы Б.Сағиев, № 231 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ү.Байбарақова, психолог Л.Қайрақбаева, мектептің дінтану пәнінің мұғалімі Ж.Төрединов және кітапхананың жасөспірім оқырмандары, барлығы-қатысты.

Подробнее...

Діни экстремизм және жастар

dini ekstremizm zhane zhastar1Қалалық №4 кітапханада «Діни экстремизм және жастар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша жас жеткіншектерге, қатер төндіретін жат ағымдардан аулақ болуға, осы жат ағым жетегінде кетіп жатқан қаншама жастарымыздың басына қатер төнген жаман қылықтардан сақ болуға, мұсылмандық адамгершілікті, тазалыққа имандылыққа тәрбиелеу. Іс шараға қатысқан адам саны: 15

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін10
Кеше194
Осы аптада2961
Осы айда3461
Барлығы208001

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн