abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Табиғат тамыршысына айналған талант

tabigat tamyrshysyna ainalgan talantОрталық балалар кітапханасында «Табиғат тамыршысына айналған талант» атты әдеби лото болып өтті. Шара мақсаты: Арал проблемасын әлемдік ауқымда мәселе етіп көтеруде еңбегі ерен қайраткер С.Жұбатырұлының шығармаларын көпшілікке насихаттау. Ел таныған ерек тұлғалардың бірі болып жүрген эколог-жазушының елі үшін жасаған ауқымды істерін үлгі, өнеге ету. Шара аудандық оқушылар үйінде өткізіліп, 22 оқырман қатысты.
Кітапханашы А.Крымова шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті.

Подробнее...

Тербетіп төл өнердің тал бесігін

terbetip tol onerdin tal besiginҚалалық №1 кітапханада қарымды қаламгер, эколог жазушы С.Жұбатыровтың 70 жасқа толуына орай, өмірі мен шығармашылығын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Тербетіп төл өнердің тал бесігін» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектептің мұғалімдері, оқушылар, барлығы - 20 оқырман қатысты.
Шараны жүргізуші кітапханашы Ә.Тлеубаева: Сайлаубай Жұбатырұлы 1948 жылы 11 қаңтарда Арал теңізінің жағасындағы шағын ғана балықшы ауыл Бөгенде туған.

Подробнее...

Халық ақыны, айтыс өнерінің ақсұңқары

khalyk akyny aitys onerinin aksunkaryАбай атындағы орталық кітапханада айтыскер ақын Манап Көкеновтің туғанына 90 жыл толуына орай, ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Халық ақыны, айтыс өнерінің ақсұңқары» атты таным сағаты өткізілді.
Шараға аудандық № 62, №220 мектеп жоғары сынып оқушылар қатысты. Қатысқан жалпы оқырман саны - 31
Шара барысында Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов «Сегіз қырлы, бір сырлы», есімі елге танылған өнерлі, от ауызды, орақ тілді суырып салма, төкпе ақын. 

Подробнее...

Жыраудан қалған-жырау сөз

zhyraudan kalgan zhyrau soz1Қалалық №3 кітапханада айтыскер, ақын-жырау Манап Көкеновтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жыраудан қалған-жырау сөз» атты жыр кеші өткізілді. Кеш мақсаты Халық ақыны Манап Көкеновтің өмірбаяндық деректерін, әдеби-шығармашылық мұрасының ерекшеліктерін айқындау, жыр әлеміндегі орнын, ерекше өмірін поэзияға арқау ету.
Кешке №260 қазақ орта мектеп оқушылары, барлығы-25 қатысты.
Шара барысында Манап ақынның өлеңдері жатқа оқылды. «Күріш алабына», «Еңбек ордендері», «Көктау шахтерлеріне», «Ақындарға», «Қара кетпен» секілді өлеңі көпшіліктің ықыласына бөленді. Шара соңында «Сырда туған-сырдың ұлы» атты кітап көрмесімен, кітапхана меңгерушісі А.Ержетқызы таныстырып өтті.

Подробнее...

Қазақстан ғарыш көкжиегінде

kazakstan garysh kokzhiegindeСексеуіл ауылдық кітапханасында 12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне орай «Қазақстан ғарыш көкжиегінде» тақырыбы бойынша слайд шоу өткізілді. Шараның мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы, тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шараға қатысқандар саны: 15.
Кітапханашы Б.Жаманқараева кітапхана оқырмандарына бүгінгі күннің тарихы туралы айтып берді. Бұл ерекше күн қазіргі күні ғарыш пен ғылым саласында қызмет ететіндердің салтанатты күні болды.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін7
Кеше194
Осы аптада2958
Осы айда3458
Барлығы207998

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн