Қалалық №4 кітапханада «Ұлттың рухани көсемі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Аса көрнекті қазақтың ақыны Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Қазақ ұлтына деген атқарған қызметін, артында қалдырған бай мұрасын оқырман қауымға насихаттау.
Шараға №64 мектептің 8 сынып оқушылары және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Еншібаева Майгүл, тарих пәнінің мұғалімі Өтегенов Жәнібек ағайлар, барлығы - 21 оқырман қатысты.
Ұлт ұстазы-Ахмет
Қалалық №3 кітапханада «Ұлт ұстазы-Ахмет» атты әдеби кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан, рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын насихаттау. Шараға АИТ колледж студенттері, барлығы - 20 оқырман қатысты.
Мәшһүр Жүсіп - Шығармалар жинағы
Қалалық №4 кітапханада ғұлама, дінтанушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Шығармалар жинағына» кітап беташары ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Өзі де сөзі де дара тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұрпақтан - ұрпаққа баға жетпес мол мұра қалдырған. Қазақтың ғұлама, дінтанушы танымал перзентінің шығармаларын кеңінен насихаттап, бабамыздың ардақты да айбарлы, ойшыл жырларын қастерлеп оқитын оқырман қауымға насихаттау. Қатысқандар - 15 оқырман.
Тастандының тағдыры - Сексеуіл кітапханасы
Сексеуіл қыстақтық кітапханасының ұйымдастыруымен № 231 мектеп кітапханасында Д.Батырдың «Тастандының тағдыры» кітабына талдау өткізілді. Мақсаты: жас оқырманды имандылыққа, кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Шараға №231,№177 мектеп мұғалімдері мен оқушылары, спорт мектебінің қызметкерлері, барлығы-19 оқырман қатысты.
Тастандының тағдыры - Жақсықылыш кітапханасы
Жақсықылыш қыстақтық кітапханада Батыр Д. «Тастандының тағдыры» кітабы бойынша кітап беташары болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарға жаңа әдебиетті таныстыра отырып, кітапханаға деген қызығушылықтарын ояту, бос уақытын тиімді падалануға, кітаппен дос болуға кеңес беру. Шараға, кент әкімшілігінің қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар,18 оқырман қатысты.
Шарын кітапханашы А.Дәрменова жүргізе келе - Белгілі жазушы Дәлелбек Батырдың «Тастандының тағдыры» атты романы қазіргі заманның өзекті мәселесі - тастанды бала проблемасын сөз етеді. Кітаптың басты кейіпкері Гулназира әкесінің қысымымен өз сәбиін тастанды етуге мәжбүр болады. Бақытсыз жағдайға тап болған студент қыздың өкініші бүкіл роман желісін құрайды-деп роман желісіне тоқталып өтті.



