abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Қырандар

Қалалық №4 кітапханада Тарихшы, этнограф-ғалым, шежіреші, қоғам қайраткері Жағда Бабалықұлының «Қырандар» кітабына талдау ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Тарихшы, этнограф-ғалым Ж.Бабалықұлының «Қырандар» кітабын өскелең ұрпаққа құс аңшылығы мен аң аулаудың әдіс тәсілдері мен мән мағынасын түсіндіру. Қазақ халқының өзіндік ерекшелігі бар саятшылдық өнері арқылы табиғатпен етене жақын болып, ұрпақ жалғастығының өнерімен бейнеленген көркем туындыны насихаттау. Іс шараға қатысқан адам саны: 20

Подробнее...

Жырыммен жұртым шөл бассын

Абай атындағы орталық кітапханада Ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың «Тасжарған» кітабы бойынша «Жырыммен жұртым шөл бассын» атты әдеби жыр кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Ақынның өмір дерегімен шығармашылығымен таныстыра отырып, оның жүрегін жарып шыққан жалынды, рухты жырларын оқырманының жүрегіне жеткізіп, насихаттау.
Шараға № 220 мектеп пен № 2 мектеп -интернат жоғары сынып оқушылары, кітапхана тұрақты оқырмандары, 35 адам қатысты.

Подробнее...

Хан Тәңірі! Поэзия ардағысың

Абай атындағы орталық кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Хан Тәңірі! Поэзия ардағысың» атты Мұқағалитану сағаты болып өтті. Шараның мақсаты: Қазақ өлеңінің қадір-қасиетін, көркемдік дәрежесін асқан зор шеберлікпен,қайталанбас даралықпен шырқау биікке көтерген үлкен суреткер ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармаларын оқырмандарға насихаттау. Шараға № 62 мектебінің жоғары сынып оқушылары, барлығы-32 оқырман қатысты.

Подробнее...

Сұлу сөздің саңылағы

Орталық балалар кітапханасында балалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Сұлу сөздің саңылағы» атты ертеңгілік болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарды ақынның шығармашылығымен таныстыру ол арқылы ақынның кітап қорындағы әдебиеттерін насихаттау. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Ертеңгілікке 20 оқырман қатысты.
Кітапханашы А.Крымова жазушының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, кітаптарына шолу жасады. «Әдептілік әдемілік» атты көркем безендірілген кітапта таңғажайып, әлемге қызықты саяхат жасауға шақырады.

Подробнее...

Балауса жыр бағында

Қызылжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен № 81 орта мектепте Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Балауса жыр бағында» атты әдеби подиум өткізілді. Мақсаты: Ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында кітапханашы Аймбетова М: Қазақ балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтің туғанына 80 жыл толып отырғанын, оның 1938 жылы 1 қаңтар күні Ақмола облысында туылғанын.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін19
Кеше194
Осы аптада2970
Осы айда3470
Барлығы208010

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн