abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Кітапхана-балаларға арналған ашық ақпараттық кеңістік

kitapkhana balalarga arnalgan ashyk akparatty kenistik1Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "2021- Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" аясында "Библиотерапия-шексіз мүмкіндіктер әлеміне жол" атты жоба жұмысы бастау алып, аудандық орталық балалар кітапханасында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған "Библиотерапия" орталығының ашылуы мен "Кітапхана- балаларға арналған ашық ақпараттық кеңістік" атты коучинг-тренинг ұйымдастырылды.
Шараға Аудандық педагогикалық психологиялық түзету кабинетінің мамандары, ерекше білім алуды қажет ететін бір топ балалар және олардың ата-аналары қатысты.

Подробнее...

Біз сіздер үшін жұмыс жасаймыз

biz sizder ushin zhumys zhasaimyz1Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" аясында Аудандық орталық балалар кітапханасы жанынан ашылған "Библиотерапия" орталығында ерекше білім алуды қажет ететін балалардың білім көкжиегін дамытуда қызмет көрсететін «Библиотерапия: шексіз мүмкіндіктер әлеміне жол» жобасының кезекті шарасы «Біз сіздер үшін жұмыс жасаймыз» атты семинар-кеңеспен жалғасты.

Подробнее...

Құландының құлагері

18 мамыр күні Аудандық орталық кітапханада ҚР Ұлттық аграрлық университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,Мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, белгілі ақын Сансызбай Құттыбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Құландының құлагері» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.
Еске алу кешінде кеш қонақтары Садықбаев Әбілбай- Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Мұсабаев Нәжімадин- Мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы.Ердіқалықов Қуанышбай , Сұлтанов Арапхан, Өтенов Зиғаладин, барлығы- 21 оқырман қатысты.
Тағылымды кеш барысында Сансызбай Құттыбайұлының сүбелі сөз бен орамды ойларын ортаға салып, қайталанбас келбетін еске алып,ерекше естеліктермен бөлісті. Сондай ақ,кітапхана оқырмандары ақынның жауһар жырларын шабыттана оқып,мәдениет үйі қызметкерлері ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.
Сансызбай Құттыбайұлының бауыры, Арал ауданы құрылыс саласының бақылаушысы, дербес зейнеткер Аташбаев Қуантқан еске алу кешінің өз деңгейінде өткізілуіне, ақынның шығармашылығының оқырманға насихатталуына жол ашып, жаңа кітаптарын кеш қонақтарына , кітапхана қорына сыйға тартты.
Сансызбай Құттыбаевтың жүрiп өткен өмiр өткелдерiндегi бастауы айқын баспалдақтарына көз салсақ: ол қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда туған. Ауылдың саумал ауасымен тыныстап, ақ шағыл құмдарының табына апталып өскен. Өз мүддесiнен гөрi ел мүддесiн көбiрек ойлайтынын, еңбегiнiң дiлiн мақсатымен сапарлас жан-тәнiмен танытқан жан.

«Парасат жолы» өңірлік орталығы ашылды

«Адалдық алаңы» жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынып, қазіргі таңда өңіріміздің барлық мекемелерінде жұмыс жасап келеді. Осы жоба аясында республика кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылуда.
Жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егуді көздейтін орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті өне бойларына терең сіңірген зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қаламгер-тілшілердің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру.
Осы игі бастама аясында 30 наурыз күні Арал аудандық орталық кітапхана жанынан «Парасат жолы» өңірлік орталығы ашылды. Сонымен қатар барлық ауылдық кітапханалар ашылу сәтіне ZOOM платформасы арқылы қатысып, өз орталықтарын ашты.
Орталықтың ашылу сәтіне Арал ауданының құрметті азаматтары Оспанов Нұралы,Әуезов Әнес, мәслихат депутаты Асанбаев Арғынбай, дін өкілі Кеңесханов Нұржан, Ауған соғысының ардагерлері және Жастар ресурстық орталығының мүшелері, білім,мәдениет саласынан және белсенді жастар қатысып, орамды ой мен пайымды пікірлерін ортаға салды. «Парасат жолы» жобасы дер кезінде жасалған,өміршең жоба. Кітапханалардың басты миссиясы жастарды рухани тәрбиелеу болса, бұл жобаның кітапханалар тарапынан іске асырылуы өз жемісін берері анық. Парасатты, пайымды отанын шексіз сүйетін ұрпағымыз көп болсын. Ізгілік пен қайырымдылыққа бастайтын жоба жұмысына орталық мүшелері сәттілік тіледі.

«Ерікті болу – ерлік»

Ерикти2020 жыл – Еріктілер жылы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілердің ар-ожданы таза емес және арам ойлы адамдар бола алмайтынына терең сенімдімін. Волонтерлер – нағыз патриот, олардың елді жақсарту ниетін құрметтеймін. Белсенді өмірлік ұстаным, армандарды жүзеге асыруға ұмтылу, үлкен жеке жеңіске, жеке табысқа жол ашады деп санаймын», – деп айтып өткен болатын.Сонымен қатар  өз жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. «Еріктілер жұмысы – бұл басқа адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ету. «Еріктілік қазір жаңа ұғым ретінде қалыптасқанмен, бұл нәрсе қазақ қоғамында ертеден болған.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін179
Кеше157
Осы аптада878
Осы айда7277
Барлығы158284

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн