abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Ризашылық – риясыз көңілден

rizashylyk riyasyz koildenАрал аудандық орталық кітапхана мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күні аясында «Ризашылық – риясыз көңілден» атты әсерлі интерактивті кездесу кеші өткізілді.

Тағылымы мол шараның басты мақсаты :Алғыс айту мереексі қарсаңында Ұстаз еңбегін дәріптеу, ризашылық сезімінің маңызын ұғындыру және жас ұрпақтың жүрегіне алғыс мәдениетін сіңіру болды.

Кездесудің құрметті қонағы – ардақты ұстаз, талай шәкірттің жүрегіне білім нәрін құйған білікті педагог Қзаева Лиза апай болды. Кеш барысында ұстаздық жолы, өмірлік ұстанымы мен ризашылық сезімінің мәні жайлы тағылымды ойлар айтылып, еркін сұхбат ұйымдастырылды.

Подробнее...

Сыйлықтың ең асылы - кітап

syilyktyn en asyly kitap014 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні.

Аудандық орталық кітапханада рухани байлықты дәріптейтін "Сыйға тартылған кітап- рухани байлық" атты ерекше шара өтті.

Кітап – білімнің кілті, тәрбиенің тұғыры, сананың сәулесі.

Осы айтулы күнде ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, ардақты ардагерлер мен оқырмандарымыз кітапханаға кітап сыйлап, ізгі ниет пен парасаттың үлгісін көрсетті.

Шара барысында кітаптың құндылығы, оқу мәдениеті жайлы ойлар айтылып, кітап сыйлау сәті ұйымдастырылды.

Кітап сыйлау – жай ғана сыйлық емес, ол жүректен жүрекке жол тартқан рухани тарту.

Подробнее...

Руханият орталығы - бірліктің ордасы

rukhaniyat ortalygy birlikti ordasy1

Оқығанның әрқашан мол танымы,
Ортаймаған Аралдың өр қалыбы.
Кітаптардың жұлдызын жинап алған,
Жарқырап тұр «Руханият орталығы».

Сұлу сөзден маржан ой жиыңыздар,
Ақыл нәрін санаға құйыңыздар.
Кітаптарды сыйғызған құшағына,
Енді біздің Руханият үйіміз бар!

Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін енгізген Ұлттық құрылтайдың отырысында «Кітапхана–мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек» деген еді.

 

Подробнее...

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!

abaidy oky erinbeАудандық орталық кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасат жолы» орталығында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты Абай оқулары өткізілді .
Абай оқуларының негізгі мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқуға деген ынта-ықыласын арттырып, дана Абайдың артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау; Оқырман бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Абай өлеңдері арқылы адамның өзін-өзі танып білуі, рухани жағынан жетілуіне жол бастау,оқырмандардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,тіл байлығын дамыту.

Подробнее...

Тіл асыл құндылық

til asyl kundylykОрталық балалар кітапханасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Тіл асыл құндылық» тақырыбында әдеби сайыс ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізілген тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 6-7 сынып оқушылары белсенді қатысып, кітапхананың жас оқырмандары білім мен өнерлерін ортаға салды.
Әдеби сайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, төрт бөлім бойынша бақ сынасты. «Бірлік» және «Жас ұлан» топтары қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін ақын өлеңдерімен жырлап, ана тіліміздің сөздік қорының бай екенін көрсетіп, жаңылтпаш айтып жарысып, «Тілім- менің мақтанышым» тақырыбында эссе оқыды.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін176
Кеше157
Осы аптада875
Осы айда7274
Барлығы158281

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн