Қалалық №4 кітапханада Қазақтың атақты суырып салма ақыны Шортанбай Қанайұлының 200 жыл толуына орай «Зар заманның айтулы ақыны» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқырман қауымға Қазақтың суырып салма ақыны Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығын, тарихта елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз жырау туралы насихаттау. Қатысқан адам саны: 25
Алтын сағым
Қалалық №1 кітапханада Жазушы С.Балғабаевтың «Алтын сағым» кітабы бойынша кітап беташары өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға жазушы өмірі мен шығармаларын таныстыру, шығарма мазмұнына тоқталу арқылы білімдерін кеңейту, отан сүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Іс-шараға қатысқандар саны: 32
Шара барысында кітапханашы А.Тлеубаева: Сұлтанәлі Балғабаев 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданы, Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1964–1966 жж. туған ауылында шопан болған. Жазушының «Алтын сағым» атты повестері мен әңгімелері басым бөлігі Қарасу ауылының тұрғындары болып табылады.



