Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Оқитын өлке» акциясы

«Оқитын өлке» акциясы

СӘБИТ БАЙМОЛДИН

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі

Қазақтың белгілі ақыны Сәбит Баймолдин – 1942 жылы 5 наурызда Байғанин ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Алғашқы өлеңдер жинағы «Жер-мекен» деген атпен 1966 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді. Одан кейін «Қырда туған» (1967), «Монолог» (1969), «Қызыл іңір» (1971), «Сағыныш» (1976), «Алтын гүл» (1978), «Сенемін саған» (1980), «Іңкәр күндер» (1982), «Армия семьясы» (1982), «Бесік жыры» (1985), «Тал кеме» (1988), т.б. өлең кітаптары жарық көрді. Тақырыбы жағынан сан алуан болып келетін С.Баймолдин өлеңдері авторлық өзіндік қолтаңбасына тән ырғақ, ұйқастармен ерекшеленеді. Ақын өз туындыларына замандастардың болмыс-бейнесі, тыныс-тіршілігі, моральдық және азаматтық бағыт-бағдары турасындағы ой-толғауларын арқау етті.

KZ