Арал ауданы Аманөткел ауылы - Мырзас топырағынан шыққан, түп - тамырын тереңге тартқан жыраулық дәстүрдің, шайырлық жолдың сол өңірдегі жалғастырушыларының шығармаларын тірнектеп жинап, көздің қарашығындай сақтап, енді оқырманға ұсынып отырған ауыл мұғалімі, тарихшы, өлкетанушы Тәңірберген Дәрменовтың "Мырзастан шықты шайырлар" кітабы - тарихи деректі, оқушысына тағылым, рухани нәр беретін дүние.
Тілі жатық, оқылуы жеңіл Т.Дәрменовтың бұл кітабы кітап сүйер қауымға арналған.
Дәрменов Т. Д Мырзастан шықты шайырлар: - Қызылорда: "Тұмар", 2002 - 112 бет

Бұл кітап «Аралтұз» ашық акционерлік қоғамы жұмысшы қызметксрлері мсн «Аралтұз» Тұз компаниясының» демеушілігімен шығып отыр.
Елін суйген, халқын сүйген абзал азамат Аманғос Есмұрзаевтың жарқын ғұмыры әлеумет. есінде. Оның өмірі - әділдік үшін, ақиқат үшін куреске толы мәнді өмір. Ол өмірге деген асау жігерін өлеңмен өріп отырыпты. Жыр суйер қауым оның нәрлі поэ- зиясынан ұлкен жүректің дүрсілін қапысыз таныры анық. Ақиық азаматтың ақ қанат жырлары Алашына аманат.
Өмірден ерте кеткен жас акынның алғашкы жыр жинағына енген өлеңдер сыршылдығымен ерекшеленеді. Тіршілікке іңкәрлік—ақын поэзиясының алтын арқауы.
Шынтемір Әмишаұлының бұл кітабына лирикалык өлендері, ата-ана, балалық шақ туралы балладалары, танымдық термелері, туған жер, торқалы топырағы — қасиетті Қасқақұланы жайлы, замандас келбеті, адам болмысы хақындағы толғаныстары топтастырылды.

