abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Ақын өмірінен сыр

akyn mirinen syrРуханият орталығында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жазушы, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай “Ақын өмірінен сыр” атты әдеби кеш өтті.

Шараға кітапхана оқырмандары, зиялы қауым өкілдері мен әдебиет сүйер қауым қатысты.

Әдеби кештің мақсаты – ақынның өнегелі өмірін еске алу, шығармашылығын насихаттау.

Кеш барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы айтылып, оның шығармаларының мәні мен философиялық тереңдігі талқыланды.

Подробнее...

Ержеңіс - Асыл өнердің алып нары

erzhenis asyl onerdin alyp nary1Руханият орталығында "Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің" ұйымдастыруымен жерлесіміз, талантты ақын, айтыскер,ұстаз, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЕРЖЕҢІС ТАСТЫБАЙҰЛЫНЫҢ шығармашылығына арналған "Ержеңіс - асыл өнердің алып нары" атты кездесу кеші өткізілді.

Өлең мен өмір, оқырман мен ақынның рухани байланысын нығайтқан тағылымды кешті "Amanat" партиясының Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Қанатов ашып, ақынға ыстық ықыласын жеткізіп, Арал ауданы әкімінің алғыс хаты мен сый - сыяпатын табыстады.

Подробнее...

Наурыз береке бастауы

nauryz bereke bastauy10Аудандық орталық кітапхана орталық алаңда "Наурызнама" онкүндігі аясында 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күніне орай «Наурыз береке бастауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көпшілік назарына ұсынылған кең көлемді кітап көрмесінде халқымыздың бай мұрасын, Наурыз мерекесінің шығу тарихын, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды кеңінен таныстыратын құнды кітаптар ұсынылды.

Ұлыстың ұлы күнінің құндылығын дәріптейтін "Наурызнама" онкүндігінің әр күніне жеке тоқталған кітап көрмесінде:

Подробнее...

Оқуға бастар жүз қадам

okuga bastar zhuz kadamРуханият орталығында орналасқан Арал аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жалпыхалықтық оқуға ұсынылған "100 кітап" аясында "Жүз кітап - жүз қазына" атты мекемеаралық оқу жобасының ашылу салтанаты өткізілді.

Аудандағы мекемелердің басын бір бағытта тоғыстырған жаңа атаулы жоба мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Кітап оқитын ұлт" тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда.

Салтанатты кеш кітапханашылардан құралған "Жаңалық жаршысы" үгіт бригадасының жалынды жырымен басталды.

Подробнее...

Ризашылық – риясыз көңілден

rizashylyk riyasyz koildenАрал аудандық орталық кітапхана мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күні аясында «Ризашылық – риясыз көңілден» атты әсерлі интерактивті кездесу кеші өткізілді.

Тағылымы мол шараның басты мақсаты :Алғыс айту мереексі қарсаңында Ұстаз еңбегін дәріптеу, ризашылық сезімінің маңызын ұғындыру және жас ұрпақтың жүрегіне алғыс мәдениетін сіңіру болды.

Кездесудің құрметті қонағы – ардақты ұстаз, талай шәкірттің жүрегіне білім нәрін құйған білікті педагог Қзаева Лиза апай болды. Кеш барысында ұстаздық жолы, өмірлік ұстанымы мен ризашылық сезімінің мәні жайлы тағылымды ойлар айтылып, еркін сұхбат ұйымдастырылды.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін75
Кеше239
Осы аптада75
Осы айда4758
Барлығы133452

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн