abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

2026 жыл
Референдум

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Өлке сырын өрнектеген тұлға

olke syryn ornektegen tulgaРуханият орталығында Аманөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өлкетанушы, бірнеше кітаптардың авторы Тәңірберген Дәрменовпен «Өлке сырын өрнектеген тұлға» атты кездесу кеші өткізілді.

Кешке аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Махатов, ақын- жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Сыр бойы — талай саңлақты дүниеге әкелген киелі мекен.

Бұл топырақтан елдің сөзін сөйлеген шешендер, жырын тербеген ақындар, тарихын түгендеген тұлғалар шыққан.

Подробнее...

Отбасы құндылықтары және дәстүр

otbasy kundylyktary zhane dasturАудандық «Руханият» орталығында «Отбасы құндылықтары және дәстүр» тақырыбында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеген мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға Қаратерең, Шөмішкөл, Жаңақұрылыс ауылдарынан келген өнегелі отбасылар мен «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара аясында халқымыздың терең мәнге ие «Сүйек жаңғырту» дәстүрінен сахналық пролог қойылып, көрермен қауымға ұлттық салттың тәрбиелік әрі рухани маңызы кеңінен насихатталды. Көрініс арқылы ата дәстүрдің ұрпақ санасындағы орны мен туыстық байланысты нығайтудағы мәні әсерлі жеткізілді.

Подробнее...

Ана - өмір шуағы, әйел - тіршілік тірегі

ana omir shuagy aiel tirshilik tiregiРуханият орталығында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай аудандық орталық кітапхана мен аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жас буынға ана мен әженің тәрбиелік рөлін үлгі ету мақсатында "Ана - өмір шуағы, әйел - тіршілік тірегі" тақырыбында сырлы сұқбат өткізілді.

Еркін форматта өрбіген сұхбат барысында ақ жаулықты әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, «тәрбие – тал бесіктен» екенін атап өтті.

Көпбалалы аналар бала тәрбиесіндегі қызықтар мен қиындықтар, ұлттық құндылықтарды сақтау төңірегінде ой қозғады.

Подробнее...

"Кітап шоу- 2026" кітап фестивалі

kitap shou 2026 kitap festivaliАудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында "Кітап шоу - 2026" кітап фестивалі өткізілді.

Кітаптың құны мен кітапханашының мәртебесін көтерген ауқымды іс - шараға ауданның зиялы өкілдері, ақындар мен жазушылар, кітапхана саласының ардагерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Аталған мереке аясында өткізілген бұл шараның басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және қоғамда кітапхананың рөлін насихаттау.

Фестиваль барысында «Кітап – мәңгілік мұра» кітап көрмелері, «Жасанды интеллект және кітапхана» жаңа кеңістік алаңы ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жаңа әдебиеттер мен интеллектуалды ойындар ойнатылды.

Подробнее...

Жасанды интеллект және кітапхана

zhasandy intellekt zhane kitapkhana23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып жатқан мерекелік шараға Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Жасанды интеллект және кітапхана" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Заманауи жабдықталған кітап көрмесіне Қызылорда қаласы тұрғындары мен кеш қонақтары ерекше назар аударып, қызығушылық танытты.

Қазіргі заман – білім мен технологияның тоғысқан дәуірі. Осы бағытта ұйымдастырылған «Жасанды интеллект және кітапхана» көрмесі – дәстүрлі кітап әлемі мен цифрлық инновацияның үйлесімін айқын көрсететін ерекше алаң.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін125
Кеше216
Осы аптада341
Осы айда3824
Барлығы145597

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн