Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

Арал аудандық орталықтандырлған кітапханалар жүйесі бойынша

2018 – 2023 жыл жетістіктер.

2018 – 2022 жылдары аралығында  кітапханаларды  жастардың тұрақты келіп тұратын заманауи білім орталықтарына айналдыру мақсатында Аудандық орталық кітапахана,Аудандық орталық балалар кітапханасы,Қалалық балалар кітапапхнасы, Сексеуіл қыстақтық кітапхана ,Сексеуіл ауылдық балалар кітапхана, Шижаға, Ақбай, Аманөткел ауылдық кітапханаларында коворкинг  білім беру  орталықтарын ашылды.

2018 жылы Алматы қаласында «Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне» орай  «Кітапхана қоғамның көпфункциялы,көпдеңгейлі әлеуметтік  институты » Бүкілқазақстандық кітапханашылар сьезіне Жақсықылыш қыстақтық кітапханасының кітапханашысы А.Дәрменова делегат болып қатысты.

2019 жылы Қостанай қаласында өткен «Ұлы даланың жеті қыры»: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ОКЖ директоры Ж.Алишева делегет болып қатысты.

2020 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты облыстық онлайн байқауға қатысып Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы  Г. Шалманова  ІІ дәрежелі дипломмен,қалалық балалар кітапханасының  меңгерушісі  М.Өтегенова алғыс хатпен мараппаталды.

Еліміздің төтенше жағдайға байланысты  кітапхананың ақпараттық электрондық ресурстарын пайдаланушыларға кеңінен ұсынғаны үшін қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі  М.Өтегенова Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының  «Халық құрметі» төсбелгісімен марапатталды.

2021 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жыр жамбозы, қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай « Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында облыстық онлайн эсселер байқауында бас жүлдені Аудандық орталық кітапхананың оқырманы Елеуқызы Перизат ,ІІІ орынды Қосжар ауылдық кітапханасының оқырманы Камал Мейіржан еншіледі.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау және оларға қолдау көрсету мақсатында «Бояудың құдіреті» атты жас суретшілер байқауын  қатысып жүлделі  І дәрежелі  дипломмен Арал аудандық орталық кітапхананың оқырманы Шынжанов Талғат, ІІ дәрежелі дипломмен Қарақұм ауылдық кітапханасының оқырманы Сайлауова Меруерт , ІІІ дәрежелі дипломмен Құмбазар ауылдық кітапханасының оқырманы Қоғамова Айгерім марапатталды.

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған      «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» онлайн мәнерлеп оқу байқауына  16 оқырман қатысып, 5 -еуі жүлделі орындарға ие болды:  ІІ орын Асанжанова Гүлдана – Қамбаш ауылдық кітапхана оқырманы, ІІІ орын Шыңғыс Нұрбай – Қалалық № 3 кітапхана оқырманы, Қоңырбаева Айғаным- Шижаға ауылдық кітапхана оқырманы,Жақсылықова Нұрсұлу – Қалалық N 4 кітапхана оқырманы,Төлеген Айшабибі – Бекбауыл ауылдық кітапхана оқырмандары иеленді.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және “Бір ел- бір кітап” республикалық акциясы аясында “Жыл кітабын бірге оқимыз!” атты облыс кітапханашылары арасында онлайн байқау ұйымдастырылып. Байқауға “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында жаппай оқуға таңдалған шығармалар қатарынан жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың “Періштелердің өлімі” романын талдауға ұсынылған болатын. Байқауға 15 кітапханашы қатысты.

Облыстық байқаудың әділқазыларының шешімімен І дәрежелі дипломмен Қосжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Өмірзақова  Асия,ІІІ дәрежелі дипломмен Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы  Нысанжанова  Таңшолпан, “Қазақстандық салалық мәдениет және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ” қоғамдық бірлестігіі Қызылорда облыстық филиалының алғыс хатымен Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Алдамбергенова Шынар марапатталды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен «Жылдың үздік оқырманы»атты байқауына 4 оқырман қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырған жасөспірімдер арасында қашықтықтан өткізілген «Сен таңдаған шығарма» эссе байқауына  4 оқырман қатысып, Ақбасты ауылдық кітапханасының оқырмандары Бекен Қуаныш және Сәуелхан Нұрайым ІІ орындармен,Қосжар ауылдық кітапханасының оқырманы Бақытжанқызы Шадияр ІІІ орынды иеленді.

            2021 жылы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Арал аудандық ОКЖ директоры Ж.Алишева, Әдістемелік және библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Т.Қапақова, Қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М. Өтегенова, Қызылжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы М. Аймбетова марапатталды.

2022 жылы  «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Арал аудандық орталық кітапхананың әдістемелік және библиографиялық бөлімінің  библиографы Г.Жиенбаева,Сексеуіл кенттік кітапханасының меңгерушісі Білжанова Ақмарал,  Қалалық №4 кітапхананың кітапханашысы  Ұйқасова Роза , «Еңбек даңқы» төсбелгісімен –Жаңақұрылыс ауылдық кітапханасының кітапханашысы Досова Бағдагүл  марапатталды.

Республикалық “Jana Kitaphana – 2022” онлайн байқауына Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Құндызай Шалбаева «Қазақстандағы балалар жылы» номинациясы бойынша  және Қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Сейділдаева Гүлдана «Біздің кітапханаға қош келдіңіз!» номинациясы бойынша қатысып    «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» дипломмын жеңіп  алды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырған “Жыл кітапханашысы- 2022” облыстық байқауына Арал аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Шалбаева Құндызай қатысып, бас жүлде иегері атанды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облыстық департаменті мен басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Жылдың үздік оқырманы» атты облыстық байқауына  Арал аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы Арал қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Рсалиева Мырзагүл Рсалықызы қатысып,  ІІІ дәрежелі дипломмен және Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Ақназарова Дидар Жайылханқызы арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы « Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне » орай Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілген «Мәдениет:Кітап.Білім.Тіл » тақырыбында OPENAIR  фестиваліне Аудандық орталық кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Толқын Қапақова делегет болып қатысты.

«Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне» орай Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілген «Мәдениет:Кітап.Білім.Тіл » тақырыбындағы OPENAIR фестивальде Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің алғыс хатымен  марапатталды .

Яндекс.Метрика