Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

Оқу залында әдебиеттердің барлық саласы бойынша кітаптар мен брошюралар бар. Бөлім өлкетану әдебиеттерімен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, оқырманның барлық сұранысына жауап беретін әдебиеттермен толықтырылып отырады. Оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б. оқырмандар сұранысын өтейтін ғылыми;көпшілік әдебиеттер көптеп саналады.

 

Бөлімнің негізгі көрсеткіштері

Кітап қоры: 10558

Мемлекеттік тілдегі әдебиеттер 4973

Оқырмандар саны: 2422

Кітап берілімі: 49519

Келушілер саны: 17011

 

Бөлімнің міндеттері:

  • оқу үрдісіне көмек көрсету.
  • оқу залының қосалқы қорын қалыптастыру.
  • оқырманға қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру.

 

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • кітап басылымдарымен жедел және сапалы қызмет көрсету.
  • қажетті тақырыпта ақпаратты іздестіру және жедел тауып беру.
  • ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңестік көмек беру.
  • оқу залы қорын пайдаланып анықтама орындау.
  • тақырыптық, ақпараттық көрмелер ұйымдастыру
  • ақпарат күндерін өткізу.
  • Оқырмандарға ақпаратты және кітапханалық – библиографиялық дербес қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, олардың білімін жетілдірудегі, іскерлік оқуындағы, оны одан әрі дамытудағы сұраныстарын қанағаттандыру, кітапхана қорында бар кітаптарды, мерзімді басылымдарды, кинофотофоноқұжаттарды және де басқа материалдарды оқу залында пайдалануына береді.
  • Оқырмандардың жүйелі білім алуына, ұлттық және әлем мәдениетінің құндылығын бағалай білуге, салауатты өмір сүруге, әлеуметтік жағдайға байланысты бейімделуге ықпал ету. Оқырмандар арасында ағымдағы оқулықтарды, ғылыми – танымдық және елтану әдебиеттерін, қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің таңдаулыларынан, өнер жайындағы материалдарды насихаттау.
  • Жасөспірімдермен жекеаралық қатынастарды ұлғайту, жастардың бос уақыттарын тиімді және қызықты өткізу шараларын ұйымдастыруға қатысу.
  • Оқырмандарды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, оларға кітапханалық – библиографиялық білімді насихаттау.
  • Оқырмандар үшін атаулы даталарға, еске алынатын күндерге, өзекті мәселелерге арналған кітап көрмелері жасалынады.