Руханият орталығында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жазушы, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай “Ақын өмірінен сыр” атты әдеби кеш өтті.
Шараға кітапхана оқырмандары, зиялы қауым өкілдері мен әдебиет сүйер қауым қатысты.
Әдеби кештің мақсаты – ақынның өнегелі өмірін еске алу, шығармашылығын насихаттау.
Кеш барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы айтылып, оның шығармаларының мәні мен философиялық тереңдігі талқыланды.
Подробнее...
Руханият орталығында "Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің" ұйымдастыруымен жерлесіміз, талантты ақын, айтыскер,ұстаз, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЕРЖЕҢІС ТАСТЫБАЙҰЛЫНЫҢ шығармашылығына арналған "Ержеңіс - асыл өнердің алып нары" атты кездесу кеші өткізілді.
Аудандық орталық кітапхана орталық алаңда "Наурызнама" онкүндігі аясында 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күніне орай «Наурыз береке бастауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Руханият орталығында орналасқан Арал аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жалпыхалықтық оқуға ұсынылған "100 кітап" аясында "Жүз кітап - жүз қазына" атты мекемеаралық оқу жобасының ашылу салтанаты өткізілді.
Арал аудандық орталық кітапхана мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күні аясында «Ризашылық – риясыз көңілден» атты әсерлі интерактивті кездесу кеші өткізілді.

