Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

Бөлімнің негізгі көрсеткіштері:

      Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету (абонемент) бөлімінде 71568 кітап қоры бар. Оның ішінде 36006 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер.

Оқырмандар саны – 2188, Кітап берлімі – 44001 дана, Келушілер саны – 14899.

 

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • оқырмандардың бойында ақпараттық мәдениет пен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • қоғамның кітап оқымайтын топтарына оқуды насихаттау
  • кітапханадан тыс жылжымалы кітапханаларды ұйымдастыру

Бөлім әр түрлі топтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Атап айтқанда зейнеткерлер мен мүгедектермен жұмыс атқарылуда. Бұл жұмыс екі бағытта атқарылады: денсаулығына байланысты кітапханаға қатынай алмайтын адамдарға үйде қызмет көрсету және кітапхана қабырғасында бос уақытты ұйымдастыру.

 

Бөлім ұйымдастырады:

мәдени – көпшілік шаралар, әдеби вебинар, вертуалды саяхат, әдеби серуен, поэзия кештері, оқырман бенефисі, поэзиялық батл, флэш-моб, кітапхана-квест, кітап аукционы, әдеби лото.

кеңейтілген, ұзақ мерзімге шығарылатын көрмелер, әдеби жәрмеңке, еске алатын атаулы күндерге арналған көрмелер, кітапханалық квилт, әңгімелер, кітап көрмелеріне шолулар, пікір-талас көрмесі, бір кітап көрмесі;

Абонемент бөлімі кітапхананың жеке абонемент арқылы әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын құрылым болып табылады.

Оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсетеді;

Жаңа оқырманға ақпараттарды қалай алу керектігін, анықтама аппаратымен қалай қолдану керектігін түсіндіріп – үйрету (каталог, картотекалар)

Оқырман сұранымдарын тез және сапалы етіп орындайды

Қызмет көрсету бөлімінің істейтін күнделікті жұмыстары: кітаптарды жөнімен қою, берілген, қайтарылған кітаптарды тіркеу, оқырманды ақпарат жаңалықтарымен хабардар ету, ақпараттық білімнің жоғары болуына қолғабыс ету.