Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

 Өмірбаян

Алишева Жанар Ақылжанқызы 1972 жылы Арал ауданында туған. Білімі жоғары, 1991 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесін,2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік университетін  бітірген.

1991 жылдан бастап Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі кітапханаларда кітапханашы,2000 жылы Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі.

2016 жылдың  желтоқсан айынан бастап « Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі » КММ директоры қызметін атқарып келеді.

Ауылдық жердегі  кітапханаларды заман талабына сай жабдықтап, оқырманның  талап – тілегін қанағаттандыру, ақпараттық мағлұлматтар қорын молайтумен, оларға дер қол жетімділік жасауда жаңа ақпараттық технологияларды кітапхана жұмысына енгізу жұмыстарын жақсы жолға қоя білді. Аудан көлемінде барлық кітапханалар компьютермен қамтамасыз етіліп, электронды каталог жұмысына, оқырмандардың Интернет  пайдалануына қол жеткізді.

Аудан, облыс көлемінде өткізілген мәдени-көпшілік шаралардың тартымдылығы және  оқырман қызығушылығын тудыратын деңгейде  болуын әрбір кітапханадан талап ете білді, сол деңгейден көріне білді.

Ол үнемі кәсіби шеберлігін шыңдап аудан,облыс көлемінде өткізілген кәсіби сайыстарға қатысып,бірнеше қайтара аудан көлемінде өткен кітапханашылар сайысының жүлдегері.Облыс көлемінде өткен «Балалар кітап әлемінде»атты сайысқа қатысып «Мәдени шараның үйлесімді ұымдастырушысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.

1999 жылы « Кітапханашы-99 » ауданның үздік кітапханашысы,2000 жылы Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаты,2008 жылы Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаты,2009 жылы Облыс әкімінің алғыс, 2011 жылы Республикалық кітапханалар семинарында Облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы Ауданда «Жылдың үздік мәдениет қызметкері» атағына ие болды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  құрмет грамотасымен марапатталды.

2018 жылдың тамыз айында  Шымкент қаласында өткен бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы аясында « Нұр Отан »  париясы Саяси менеджмент академиясының семинар – тренингіне,Қызылорда қаласында өткен «Н.Назарбаев: ДӘУІР, ТҰЛҒА,ҚОҒАМ » көшпелі көрме жобасы аясында өткен «Елбасы кітапханасының ақпаратттық ресурстары » атты кәсіби семинарларға  қатысып сертификаттар алған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Рухани қазына – 2019 » Республикалық фестивалінің аясында өткен « Кітапхана –білім және шығармашылық орталығы »,2022 жылы «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдық рөлі мен қызметінің тиімділігін арттыру » тақырыбында семинарға қатысып сертификат алған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрмет грамотасымен,2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  « Кітапхана  ісінің  үздігі » төсбелгісімен,2022 жылы Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» мемелекттік мекемесі директорының алғыс хатымен марапатталды

Өз білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығынан 2010 жылы «Кітапхана жүйесіндегі кітапханалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа процестері», 2018 жылы « Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың дамуы :жаңа технологиялар мен ақпараттық ресурстар » тақырыбында сертификат  алды

Кітапхана қызмерткерлерінің білімін жетілдіруге барынша назар аударады.

Сала жұмысын жақсартуға өзіндік көзқарасы бар, тың серпін, жақсы бастамалар жайлы ойларын көпшілікпен пікірлесіп отырады. Ауданның саяси және мәдени өміріне белсене араласады.