Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар

жүйесі бойынша   оқырмандармен жүргізілген жоба жұмыстары

 “Бір өлке. Бір тұлға.Бір кітап.” жобасы аясында өлкемізден шыққан ақын – жазушылар мен қоғам, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында кездесу кештері өткізілді

Аудандық орталық кітапханада «READ ME» кітап клубының ашылуына орай    «Жанды кітапхана» тақырыбында еркін форматта кездесу өткізілді.

Мақсаты: Әуесқойлық бірлестіктер, әуесқойлық үйірмелер мен клубтар кітапханаларда оңай және еркін сөйлесетін, адамдар қоғамға пайдалы өз ойларын жүзеге асыратын, қабілеттері мен таланттарын ашатын, достар мен серіктестер табатын орта қалыптастыру. Кітап оқуға ынталы жастарды жаңа клубтың белсенді мүшесі болуға шақыру.

Кештің қонақтары аудандық «Толқын» газетінің тілшілері, «Kitap Aral» клубының мүшелері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, белсенді жастар болды.Қатысушы:30.

Кеш барысында клуб жетекшісі Асыл Арғын жастарға «READ ME» кітап клубының құрылу мақсаты және алдағы жоспарларымен, құндылықтарымен таныстырды. Белсенді жастар өз пікірлерін ортаға салып,ойларын еркін жеткізді.

Кітап клубының басты міндеттері – әдебиетті насихаттау және оқуға бағыт-бағдар беру, халықты кітапхана қызметін белсенді пайдалануға тарту болып табылады. Әртүрлі қызығушылықтары мен хоббилері бойынша клубқа біріге отыра, кітапқа деген қызығушылық әрқашан көшбасшы болып қалады. Клубта кітап адам қызметінің барлық салаларында әртүрлі ақпарат көзі ретінде қызмет етеді, ең кең таралған мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы болып табылады.Клубтың басты мақсаты – пікір алмасу үшін қауіпсіз орын құру болып табылады.

Клуб қызметі кітапханаға оқырмандардың кітап оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге деген талғамын оятуға мүмкіндік береді. Клуб мүшелері дұрыс құрылған жағдайда өз үйірмесінде кітап оқуда көшбасшы және кітапхананың барлық жұмысында адал көмекшілері болады.

Межелі мақсатты алға қойған “READ ME” клубы жастармен тығыз байланыс орната отырып, түрлі форматта шаралар ұйымдастырып, кітап оқитын көшбасшыны анықтамақ!

Аудандық орталық кітапханада халықтың кітап оқу  белсенділігін арттыру мақсатында  бағытталған  «Оқитын ұлт» жобасын негізге ала отырып, жаңа жоба «Қонақжай кітапхана» өз жұмысын бастап, «Коворкинг» орталығында  «Мен кітапханадамын» атты әдеби қонақжай кеші ұйымдастырылды.

Әр түрлі сала қызметкерлері бас қосып, жаңа таныстық , жаңа орта қалыптастыра отырып,  «Қонақжай кітапхананың» құрметті қонақтары болды.Шараға 20  оқырман қатысты.

Кеш барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г. Кулмашова  жаңа жобаның мақсатымен таныстырып, биылғы «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ұсынылған жазушы Т. Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына шолу жасады..  Кеш қонақтары қызығушылық танытып, одан әрі экраннан жазушының «Оң қол» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген фильмнің үзіндісін көріп, кітапханашы А. Крымова   жазушының бірнеше әңгімелерінің  мазмұнын айтып, адам жанының құпиясын  жеткізген автордың шеберлігіне тоқталды.

Кітапхана тек кітап оқу емес, жайлы орта , шексіз мүмкіндік ордасы.  Шара барысында сергіту мақсатында түрлі тренинг- ойындар ойнатылып, кофе- брейк  ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметкерлер, медицина , өрт сөндіру бөлімі, теміржол, «Барсакелмес» мекемесі және ХҚКО қызметкерлері жиналған қызыққа толы кеш жаңа таныстықпен, кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, бір сәт бой жазып, рухани кемелденуге ықпал болды.  Кеш қонақтары шара соңында  тілек бұрышына өз алғыстарын жазып, міндетті түрде кітапханаға келіп кітап оқуға, осындай форматтағы кездесулердің алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдіріп, «Абономент» залына барып оқырман болып тіркелді.

Сондай ақ,шара аясында әр түрлі сала бойынша әдебиеттер мен жаңа әдебиеттер топтамасы таныстырылды.

«Қонақжай кітапхана» жобасының алғашқы отырысы  нәтижесінде сала қызметкерлері «ұжым болып бір кітап оқиық» деген ой тастап , бірлесіп жұмыстар жасауға ұсыныс білдірді.

Алдағы уақытта дәстүрлі құндылықтарды  сақтай отыра, кітапхана имиджін көтеру мақсатында , кітапханалық маркетингті қолға алып, «Кітап экспрессі» инновациялық жұмыс түрін басымдылыққа ала отырып,   белгілі бір көпшілікке қызмет көрсететін  орталықтарда заманауи жабдықталған оқу залын ұйымдастырып, көшелерде, орталықтарда лед экрандарға оқырман қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар ұйымдастыру жоспарда.           Ұлттық  рухани жаңғыру қоғамдық сананы өзгертуге тікелей бағытталған жаңа үрдісті дамыту, көпшіліктің кітап оқу және кітап алмасу арқылы адамның жан дүниесін байыту, білімге даңғыл жол ашу, жаңа идеяларға кілт табу, рухани құндылықтарға қол жеткізу мақсатында Арал ауданының Орталық алаңынан  және З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің жанынан  «Көше кітапханасы» ашу жоспарлануда.