Аудандық орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби кеш өткізілді. Шараға № 220 мектептің кітапханашылары Айназарова Жұлдыз,Байболатова Гүлзада және жоғары сынып оқушылары,кітапхана оқырмандары қатысты. Мақсаты:Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыра отырып, жазушының қазақ әдебиетіндегі орнын көрсету және оқырмандарға ұлттық рухты, мәдениетті насихаттау. Шарада жазушының шығармалары терең талқыланып, оқырмандарға қаламгердің өмірі мен шығармалары туралы,әдебиетке қосқан үлесі баяндалды. Артында қалған әдеби шығармалары әр дәрежеде талданып,тиісті бағасын алған өнер адамдары – сазгерлер мен күйшілер, абыздар мен ақындар болатын. Шындыққа келсек, қазақ жазушылары арасында сан ғасырлар бойы ұлтымызбен бірге жасап келе жатқан керемет өнеріміздің бірі – күй туралы толғап, терең, әсерлі қалам тербеген дарабоз суреткерТәкен Әлімқұлов десек, артық айтқанымыз емес. Шара барысында кітапхана оқырмандары Аудандық Өнер мектебінің оқушысы Жайық Нұрсұлтан «Халық күйін» № 220 мектептің жоғарғы сынып оқушысы Құндақбаев Арман Құрманғазының «Адай» күйлерін орындаса,кітапхана қызметкерлері Т.Әлімқұловтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында «Тәкеннің асыл мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Просмотры:
