Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс




Просмотры: 4730

Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Навигатор» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында № 2 облыстық мамандандырылған мектеп лицей интернатында, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен « Мамандықтар әлемінде» атты профи time өткізілді. Шараның мақсаты: оқырманға әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беру арқылы әр мамандықтың талаптары мен мүмкіндіктерін түсіндіру, жас оқырмандарға көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында жас өскелеңнің дара ерекшеліктерін зерттеу; мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу; белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. Шара барысында оқырмандар «Мамандықты тап», «Мен таңдаған мамандық» атты тренинг пен психологиялық тест тапсырмаларға белсене қатысып, түрлі жаттығулар арқылы таным қабілеттерін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға, жүйелі ойлауға, тапқырлықтарын шыңдауға жұмыстанды. Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шара аясында мектептің бейіндік орынбасары Жиенбаева Мөлдір және сынып тәрбиешісі Балманова Ғазиза жұмыс нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар және оның сан алуан түрлері мен таңдауда қателеспеу жайлы мол ақпарат берді. Сонымен қатар оқырман назарына «Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл» атты кітап көрмесі ұсынылды. Шара соңында мектеп бітіруші оқырмандарға болашақтағы қалаған мамандығына қол жеткізсін деген ниетпен «Болашаққа билет» атты тілек жазылған билет таратылды. Құрметті жас өскелең, мамандықты дұрыс таңдауың болашағыңды дұрыс ойлауың. Мамандық таңдауда қаталеспейік!

Leave A Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика