Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс




Просмотры: 4313

 

Аудандық орталық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында “Қазақ поэзиясының пырағы” атты поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: Ақын Қадыр Мырза Әлінің өмірі және ақын шығармашылығын насихаттау. Адамгершілік,ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы бейнебаян арқылы таныстырылып, поэзиясынан сыр шерткен оқырмандарымыз нағыз рухани кештің куәсі болды. Шара соңында “Құдыретті қалам иесі” атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Recommended Articles

Leave A Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика