Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

26 ақпан күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Шәкәрім оқулары» атты II Республикалық Шәкәрім өлеңдерін жатқа айту байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың аудандық кезеңіне қатысушылар жатқа білуі тиіс 10 өлең берілді. Сонымен қатар ақын өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап беріп, мәнерлеп жатқа оқудың шеберлері сынға түсті. Аудан аумағындағы мектептерден келген 38 оқушының арасынан шын жүйрікті анықтау әділ-қазыларға оңай соқпады. Себебі байқауға қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келгендерін көрсетті.
Байқаудың аудандық кезеңінің нәтижесінде:
БАС ЖҮЛДЕ – Жақсықылыш кент кітапханасының оқырманы Қуанышқызы Нұрсезім
1 ОРЫН –
Ақбасты ауылдық кітапханасының оқырманы Қалдан Фатима
Орталық балалар кітапханасының оқырманы Октябрь Дильназ.
2 ОРЫН –
Қосжар ауылдық кітапханасының оқырманы Бақытжанқызы Шадияр
Аққұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Қуанышқызы Нұрай
3 ОРЫН-
Аманөткел ауылдық кітапханасының оұырманы Өмірбекова Сезім
Қалалық № 1 кітапхана оқырманы Нығыметов Нұрсұлтан,
Құмбазар ауылдық кітапханасының оқырманы Айымбекқызы Жанель иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғыс хаттар берілді.

Recommended Articles

Leave A Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика