Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

5 наурыз күні Аудандық орталық кітапханада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Келіні жақсының керегесі алтын» тақырыбында келіндер сайысы өткізілді.
Мақсаты: қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата дәстүр-салтымызды, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жаңғырту, қазақ келініне тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты , отбасылық құндылықтарды дәріптеу .
Келіндер 5 кезең бойынша сынға түсті. Сайысқа аудандық мәдениет орталығының директоры Айна Тұяқова , кітапхананың тұрақты оқырманы, ардақты ана Сматова Күнқияш және аудандық ОКЖ директоры Ж. Алишева әділқазылық етті.
«Мен қазақтың келінімін » атты алғашқы кезеңде өздерін таныстырған келіндер ортаны өлең-жырмен толтырды. Ал «Өнерлі келін- өнегелі келін » атты екінші кезеңде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әуелетіп ән салған келіндер көп қошеметіне бөленді. Бүгінгі тағылымды, тәрбиелі, үлкен мәні бар іс-шарада көрсетілген салт-дәстүрді ұстану, үлкенді құрметтеу, сәлем салу – мұның бәрі қазақылығымызды танытып тұратын ұмытылмайтын дүниелер.
Келіндердің барлығы жақсы өнер көрсетіп, салт-дәстүрді жете білетіндігін аңғартты . Осылайша, қазақ келінінің ақылы мен парасаты сынға түскен байқау да өз мәресіне жетіп, нәтижесінде
БАС ЖҮЛДЕМЕН- Райым ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жолмырзаева Ләззат
1 ОРЫН – Бөген ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қаласова Гүлжазира
2 ОРЫН – Құмбазар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Абжанова Ұлмекен
2 ОРЫН – Сапақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алтаева Ақмарал
3 ОРЫН – Шижаға ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жақанова Айдана марапаатталып, сыйлықтар табысталды.

 

Recommended Articles

Leave A Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *