Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс




Просмотры: 4354

 

Аудандық орталық кітапханада Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабының таныстырылымы өткізілді. Шараға Арал аудандық орталық мешіт әйелдер жамағаты мен №220 мектеп кітапханашылары және жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ елінің тарихы мен халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріндегі діннің алар орны мен оның маңыздылығын насихаттау. Шара барысында «Muftyat» баспасынан жарық көрген бағалы еңбектің маңызы мен құндылықтарына тоқталып, жаһандану заманында халықтың дәстүрлі құндылықтарын сақтап қалу маңыздылығы туралы кеңінен таныстырылды. Кітап таныстырылымына журналист,жазушы Жұмабай Жақып, қаламгер,журналист Ерғали Абдулла, Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы Қабылғазиев Қайырхан Табысұлы және наиб имам Кеңесханов Нұржан қатысып, ебекте асыл дініміз Ислам мен ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыстық ғұрпында қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз жан-жақты қамтылғандығына,үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету, шыншылдық, адалдық қасиеттерді баланың бойына дарыта отырып тәрбиелеу бағытында, ата-анаға жол нұсқайтын құнды кітап екенін жан жақты таныстырып, тұсау кесер рәсімін жасады. Шара соңында кітапханашы «Дін және руханият» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Recommended Articles

Leave A Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика