Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

“AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының қолдауымен Көктем бастауыш партия ұйымына қарасты Аудандық орталық кітапханада қалалық
N 4 кітапхананың ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күніне орай «Отбасы – ұлағат ұясы» атты өнегелі отбасылармен кездесу кеші өткізілді.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттерімен мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелейтін , отбасының ұйытқысы ,бүгінгі кештің құрметті қонақтары ардақты аналар тәлімді тәрбиесі мен келелі кеңестерін ортаға салды .
Асыл аналардың жүріп өткен жолдары, еткен еңбектері – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Кеш қонағы , ардақты ана , қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, Аралдың мақтанышы Жанболат пен Жазираның анасы, үлгілі әулеттің ұйытқысы, 10 баланың ардақты анасы, 7 келіннің дана енесі Қалампыр Ербатырова апамыз өнегелі өмір жолынан сыр шертіп, қоғамдағы әженің , ананың орнына тоқталды.
Қарттар мерекесіне арналған кеште кітапхананың тұрақты оқырмандары , үлгілі отбасы Арал ауданына белгілі ТУСМ-19 Магистральный связда 43 жыл жұмыс жасап, директорлық қызмет атқарған Есеров Күлікбай ағамызбен бала тәрбиесімен айналысып отбасының ұйытқысы болып отырған Жақасова Жансия апамыз қонаққа немерелерімен келіп, отбасы құндылығы мен әке тәрбиесіне айрықша тоқталып,өз ойларымен бөлісті.
Тағылымды кеш барысында кітапханашылар “Әке беделі” тақырыбында мағыналы көрініс қойып , мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін тарту етті.
Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырманы Сатекеевтер отбасынан Күнқияш анамыз келінімен келіп, кештің қонағы болып, ене мен келіннің сыйластығын көрсетіп, қарттар күніне орай ақ тілегін жеткізді.
Қарттарын қадірлеген ел ардақты. Кеш соңында “Арал аудандық ОКЖ ” директоры Жанар Ақылжанқызы мерекеге орай жылы лебізін білдіріп, қазыналы қарияларымызға, кештің құрметті қонақтарына сый құрмет көрсетті.
Ән мен жырға , тәлімді тәрбиеге , асыл қазынамыз- ардақты қарттарға арналған мерекелік кеш Қалампыр анамыздың ақ батасымен қорытындыланды.

 

Recommended Articles

Leave A Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *