Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күні . Бұл мерекенің мақсаты – қарапайым және мейірімге толы , барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні бір бірімізге көбірек кітап сыйлау- шын ниетпен кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейетіні анық.
Мереке аясында Аудандық орталық кітапханада және Арал аудандық ОКЖ қарасты 26 кітапханада акция белсенді түрде ұйымдастырылып , нәтижесінде оқырмандардан жалпы 500- ге жуық кітап сыйға берілді.
Сонымен қатар ақжолтай сәлемдеме пошта арқылы республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі , жерлесіміз Ержан Қожастан және Алматы қаласынан Анар Мешімбаеваның “Өмір – сынақ” кітаптары келіп жетті.
Өз кезегінде кітапханаға сыйға тартқан әрбір кітаптарыңыз келесі оқырманның көңіл көкжиегін кеңейтіп, керемет әсер сыйлайтынына сенімдіміз .
Кітап- жақсы дос , рухани азық. Бүгінгі акцияға атсалысқан барша кітап сүйер, кітапты ардақтар әрбір оқырманымызға шын жүректен алғыс білдіреміз !
Аудандық орталық кітапханаға кітап сыйлаған бүгінгі құрметті оқырмандарымызға :
1. Аудандық Орталық кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырманы Садуақасов Шәкен.
2. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Б.Садуақасов
3. Барсакелмес табиғи қорығының қызметкерлері
4.Аудандық балықшылар мұражайы меңгерушісі Ә.Саржанов.
5. Арал ауданының депутаттары : Б.Төреахметов, А.Сауяев, Ш.Жанкүшікова, Л.Ибраимова
6.Аудандық «Қарлығаш» балабақша меңгерушісі Г.Әуезова.
7.Аудандық статистка басқармасының басшысы Е.Қапанов.
8.№ 220 мектеп кітаханашылары мен жоғары сынып оқушылары.
9.Кітапхананың тұрақты оқырмандары мен «RED ME” клуб мүшелері
10. Аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіп одақ ұйымының төрағасы Асанбаев Арғынбай
11. Аудандық орталық мешіттің бас имамы Қабылғазиев Қайырхан.
12.Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Н.Кеңесханов.
13.Кітапхананың белсенді оқырманы Шәкірат Мерей.
14.Аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы А.Елеш.
15. Аудандық мәдениет үйінің директоры Қ.Қуанышов,
16. Арал аудандық оқушылар үйінің директоры Қ.Махамбетова
17. Екінші облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат директоры Г.Есенбаеваға
ЕРЕКШЕ РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ! СІЗДЕР СЫЙҒА ТАРТҚАН ӘРБІР ҚҰНДЫ КІТАП АЛТЫН ҚОРЫМЫЗДА САҚТАЛЫП, ӨЗ ОҚЫРМАНЫНА ЖОЛ ТАРТАДЫ !

Recommended Articles

Leave A Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика