Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

12 ақпан күні Аудандық орталық кітапхана «Адал адам» мәдени –тәрбие орталығы тұжырымдамасы негізінде «Сұхбат TIME» жобасы аясында 15-ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Ауған соғысы жайлы мәлімет бере отырып, жауынгерлердің ел үшін қан кешкен тағдыры мен қаһармандықтары, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлер ерлігін үлгі етіп, жастарымызды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, жерлес Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Шараға Ауған соғысы ардагерлері Алдамжаров Орынбасар, Назаров Темірхан, Дәрібаев Амандық, Бисенбаев Серік ағалар қатысты.
Шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан қаһарман жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алумен бастау алып,ақындардың өлеңдері оқылып, мәдениет қызметкерлері патриоттық әндер орындады.
Кеш барысында өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагерлеріміз өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың тәлім-тәрбиесі жайлы ой өрбітті.
Арал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары А.Байоразова әріптестерімен қатысып,өз саласының ардагері С.Бисенбаевты алғыс хатпен марапаттады.
Шара соңында Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанар Ақылжанқызы ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, ерен ерліктің ешқашан өшпейтінін айтып , алғысын жеткізді.

 

Recommended Articles

Leave A Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика