Жумыс уақыты

Пн - Вт: 9:00 - 19:00 | Сенбі, Жексенбі - демалыс

Аудандық орталық кітапханада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Елге салем» жобасы аясында «Ой – теңіз, сөз – маржан» атты кездесу кеші өтті.
Қаламды серік еткен қауымды туған жерге табан тіретіп, әдебиет пен жыр сүйер қауымды біріктіруге арналған «Елге салем» жобасының мақсаты – ақын-жазушыларды туған жеріндегі оқырман қауыммен қауыштыру, олардың шығармашылығын насихаттау, моральдық қолдау көрсету болып табылады.
Жоба аясындағы Арал ауданында ұйымдастырылған кездесу кешінің құрметті қонақтары; – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Арал ауданының «Құрметті азаматы», «Халық алғысы» медалінің иегері, ақын – жырау, күйші – композитор Сыдықов Мұрат Сыдықұлы. Және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Ел ардақтысы» медалінің иегері, жазушы, күйші, сазгер, Зейнолла Шүкіров атындағы әдеби шығармашылық бірлестігінің төрағасы Жақып Жұмабай Жақсылықұлы. Сондай-ақ ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жарасқан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, жазушы Абылаев Толыбай Абылайұлы, Қазақстан Журналистер Одағының, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, сатирик, ұстаз Абдуллаев Ерғали Зейнетұлы сынды жерлестеріміз болды.
Тағылымды шараны Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кете – Төлеби ашып, Аралдың мақтаныштарына айналған кештің құрметті қонақтарына ақ тілегін жеткізді.
Берері мол кешке Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрлыбек Кәрібозұлы, Арал ауданының құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Туған жерге деген толғаулардың жыршысына айналып, халық ықыласына бөлене білген шығармашылық иелерінің жыр – толғаулары мен өлеңдерін кітапхананың тұрақты оқырмандары оқыды және аудандық оқушылар үйінің өнерпаз жас өрендері ақындарға арнаған арнау өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, өз кезегінде кеш қонақтары жүрекжарды өлеңдерін оқып беріп, облыс орталығынан келіп кеш ұйымдастырып отырған Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымына айрықша алғыстарын білдіре отырып, әр жылдары жарық көрген кітаптарын сыйға тартты.

Recommended Articles

Leave A Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика