Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында "Кітап шоу - 2026" кітап фестивалі өткізілді.
Кітаптың құны мен кітапханашының мәртебесін көтерген ауқымды іс - шараға ауданның зиялы өкілдері, ақындар мен жазушылар, кітапхана саласының ардагерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Аталған мереке аясында өткізілген бұл шараның басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және қоғамда кітапхананың рөлін насихаттау.
Фестиваль барысында «Кітап – мәңгілік мұра» кітап көрмелері, «Жасанды интеллект және кітапхана» жаңа кеңістік алаңы ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жаңа әдебиеттер мен интеллектуалды ойындар ойнатылды.
Подробнее...
23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып жатқан мерекелік шараға Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Жасанды интеллект және кітапхана" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ұлттық кітап күні аясында «Жүз кітап — жүз қазына» жобасының кезекті «Жүз кітап: Руханиятқа жүз қадам» атты ерекше форматтағы жанды кітап кеші ұйымдастырылды. Шараға Арал индустриялды-техникалық колледжі, Жастар ресурстық орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Руханият орталығында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жазушы, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай “Ақын өмірінен сыр” атты әдеби кеш өтті.
Руханият орталығында "Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің" ұйымдастыруымен жерлесіміз, талантты ақын, айтыскер,ұстаз, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЕРЖЕҢІС ТАСТЫБАЙҰЛЫНЫҢ шығармашылығына арналған "Ержеңіс - асыл өнердің алып нары" атты кездесу кеші өткізілді.

