«Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы
«Үнем – қоғам қуаты»
арнайы жобасы
Жобаның мақсаты – ресурстарды орынды тұтынуды және бөлуді көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтық бағдарлары жүйесіне енгізу.
Арнайы жобаның мақсатты аудиториясы (халық санаты). Жалпы білім беретін мектептердің, ТжКБ-ның оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, Қазақстан халқының экономикалық белсенді бөлігі (оқырмандар мен тыңдаушылардың, мамандардың кең ауқымы).
Өзектілігі.
Тиімді тұтыну – қазіргі әлемде қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.
«Прагматизм» ұғымы қазақстандықтарға икемді, қаржылық тұрақты, дені сау, білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға, өзінің әлеуетін іске асыруға және құбылмалы әлем жағдайында тез әрекет етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұтымды дағдыларды жинақтайды.
Бағдарламаның негізгі бағдарларының бірі ретінде аталған бағытты қазақстандықтардың санасында ұғымның көптүрлілігін бекіту және іс-тәжірибеге бірқатар прагматикалық әдеттерді енгізу үшін кең ақпараттық және жобаға қолдау көрсетуді қажет етеді.
Осыған байланысты, ұтымды дағдыларды дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін қазақстандықтардың прагматизм дағдыларын дамыту жөніндегі жеке арнайы жобаны іске асыру өзекті болып табылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бағыты – «Тұлғалық даму».
«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы
«Дәстүр мен ғұрып»
арнайы жобасы
Жобаның мақсаты көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.
Өзектілігі.
Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғырту керек.
Әсіресе, ақпарат пен сан түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану заманында ұлттық код пен рухты бекем ұстайтын салт-дәстүр мен әдет ғұрып. Осы ретте, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын енгізіп, рухани мұрамызды түгендеп, жаңғыртып, озығын саралаудың өзектілігі жоғары.
Қазақ салт-дәстүр, әдет ғұрыпқа, ұлттық ас мәзіріне бай халық және әрбір ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызы терең. Ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұрпақты өнеге мен білімге, елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен өнегеге шақыруымен құнды.
Сондықтан, арнайы жоба аясында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу жолға қойылу керек. Сондай-ақ, ұлттық тағамдарымыздың құндылығын арттырудың да өзектілігі жоғары.
«Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы
«Еңбек – елдің мұраты»
арнайы жобасының тұжырымдамасы
Арнайы жобаның мақсаты: қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін‑өзі жетілдіру идеясын жаю арқылы еңбекке сүйіспеншілікті насихаттау.
Өзектілігі. COVID-19 індетінің таралуын тежеу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде ұзақ мерзімдік карантиндік шаралар енгізілді. Бұл адам мен қоғам тіршілігінің барлық саласына теріс ықпал етті. Мамандардың пікірінше, коронавирус әлеуметтің көптеген саладағы қалыпты дағдысын айтарлықтай өзгертеді.
«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы
Құқықтық мәдениет»
арнайы жобасы
Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Өзектілігі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірі бәсекеге қабілеттілік болып табылады және осы қағидатты толыққанды енгізу үшін халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ал жазасыздық сезімі тәртіпсіздікке және заңнаманың бұзылуына және өзге де заңсыз әрекеттерге әкеп соғады. Осыған байланысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу қажет, бұл - бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірін іске асыруға жәрдемдесетін болады.