abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Қазақстан ғарыш көкжиегінде

kazakstan garysh kokzhiegindeСексеуіл ауылдық кітапханасында 12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне орай «Қазақстан ғарыш көкжиегінде» тақырыбы бойынша слайд шоу өткізілді. Шараның мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы, тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс-шараға қатысқандар саны: 15.
Кітапханашы Б.Жаманқараева кітапхана оқырмандарына бүгінгі күннің тарихы туралы айтып берді. Бұл ерекше күн қазіргі күні ғарыш пен ғылым саласында қызмет ететіндердің салтанатты күні болды.

Подробнее...

Қазақ музыкасының бәйтерегі

Орталық балалар кітапханасында Көрнекті сазгер Мұқан Төлебаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты өнер сағаты өткізілді. Шараға 15 оқырман қатысты. Мәдени іс-шараның мақсаты: атақты сазгер Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, артына қалдырған асыл мұра туындыларың жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу.
Шара барысында кітапханашы А.Қырымова: сазгердің өмірі мен қысқа өмірінде жазып қалдырған жүзден аса музыкалық шығармалары жайлы мағлұмат берді.

Подробнее...

Қазақ операсының сандуғашы

kazak opereasynyn sandugashyҚалалық балалар кітапханасында өнер саласы әдебиеттерін насихаттау бағытында, опера әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Жаманованың туғанына 90 жыл толуына орай, өнер әлеміне саяхат жасау арқылы, оқырмандардың өнерге деген құмарлығын арттыру, рухани дүниесін байытып дамыту мақсатына негізделіп, «Қазақ операсының сандуғашы» тақырыбында ретро шолу өткізілді. Қатысқаны:27

Подробнее...

Зергерлік өнер әлемі

zergerlik oner alemiҚалалық балалар кітапханасында «Зергерлік өнер әлемі» атты көрме жанындағы әңгіме өткізілді. Мақсаты : Оқырмандарға зергерлік өнер туралы тың мәліметтер бере отырып, ұлттық өнерге деген қабілеттерін дамыту. Халық шеберлерінің өнер туындыларын таныту және туған өлкенің бай мұра қазынасын көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу. Қатысқаны: 24.
Кітапханашы М.Өтегенова: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жəне төртінші өндірістік революциялық жағдайындағы Қазақстанның өркендеуіне бағытталған жолдауында, Елбасымыз аталған тақырыпты қозғай отырып, ең негізгі ерекшелік ретінде ұлттық өнерге баса назар аударған болатын.

Подробнее...

Қарымталы өнер иесі

karymtaly oner iesiҚалалық балалар кітапханасында Қазақтың көрнекті актері, үлкен дарын иесі Н.Жантөриннің туғанына 90 жыл толуына орай, оқырмандарға тұлғалық бейнесін танытып, өскелең ұрпақты өнер әлеміне бейімдеу, ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру мақсатында “Қарымталы өнер иесі» атты өнер сағаты өткізілді. Қатысқандар саны 21 оқырман.
Шара аясында оқырмандарға дархан дарынымен, өзіне ғана тән орындаушылық ерекшелігімен, көркем-әстетикалық талғамымен дараланған түпсіз қиялдың, шынайы шабыттың, терең ойдың актері атанған Н.Жантөриннің творчествосы кеңінен танытылды.

Подробнее...

Подкатегории

Подкатегории

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін31
Кеше201
Осы аптада1152
Осы айда5197
Барлығы98837

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн