abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Жүректен жүйрік өлең бұлқынған

zhurekten zhuirik elen bulkynganҚалалық №1 кітапханада Әнші-композитор А.Қоразбаевтың 70 жасқа толуына орай «Жүректен жүйрік өлең бұлқынған» таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға сырлы әндерімен сыр шерткен А.Қоразбаевтың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орындарының ерекшелігі туралы мағлұматтар беру. Шараға 23 оқырман қатысты.

Подробнее...

Сырлы әндермен сыр шерткен

Сексеуіл қыстақтық кітапханада «Сырлы әндермен сыр шерткен» атты слайд шоу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға сырлы әндерімен халыққа танымал әнші, композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев туралы мәлімет, тың ақпараттар бере отырып, өнерге деген көзқарас қалыптастыру, танымдық қабілетін дамыту. Қатысқан оқырмандар саы - 13 оқырман.

  

 

Подробнее...

Тарихи тұлға-тілді би

Сексеуіл ауылдық кітапханасында Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті руының жақайым аталығынан шыққан Жетес би Қыстаубайұлының 190 жылдығына орай «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» атты таным сағаты өткізілді. Таным сағатының мақсаты Кезінде қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намысын қорғаған, атағы бүкіл елге жайылған Жетес Би рухына тағзым ету, шешен сөздеріне ерекше көңіл бөлу. Іс-шараға қатысқандар саны: 17.

Подробнее...

Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте

Қалалық №3 кітапханада би-шешен Жетес бидің туғанына 190 жыл толуына орай «Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш мақсаты: Жетес бидің өмірбаяны мен шешендігін насихаттау. Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған мұрамыз екенін түсіндіру. Шешендікке, тапқырлыққа, сөз қадірін түсіне білуге үйрету.
Шараға кітапхана тұрақты оқырмандары,барлығы - 15 оқырман қатысты.

Подробнее...

Қазақ халқының рухани көсемі

Сексеуіл қыстақтық кітапханада қазақтың рухын биікке көтерген Алаш ұлдарының бірі, ақын, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жыл толуына арналған «Қазақ халқының рухани көсемі» атты тақырыптық кеш өтті. Шараға №177 мектеп оқушылары,барлығы - 27 оқырман қатысты.
Шара барысында оқушылар ағартушы-ғалымның өлеңдерін, мысалдарын жатқа айтып,7 сынып оқушысы Әлібекұлы Р, Диқанбаев С «Әкесі Байтұрсын мен бала Ахмет» атты көріністен үзінді көрсетті.

Подробнее...

Подкатегории

Подкатегории

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін27
Кеше201
Осы аптада1148
Осы айда5193
Барлығы98833

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн