abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын

Аудандық оқушылар үйінде Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын» атты әдеби аукцион болып өтті. Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқырмандар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педаго г- ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Шараға - 20 оқырман қатысты.

Подробнее...

Ұлттың рухани көсемі

Қалалық №4 кітапханада «Ұлттың рухани көсемі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Аса көрнекті қазақтың ақыны Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Қазақ ұлтына деген атқарған қызметін, артында қалдырған бай мұрасын оқырман қауымға насихаттау.
Шараға №64 мектептің 8 сынып оқушылары және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Еншібаева Майгүл, тарих пәнінің мұғалімі Өтегенов Жәнібек ағайлар, барлығы - 21 оқырман қатысты.

Подробнее...

Ұлт ұстазы-Ахмет

Қалалық  №3 кітапханада  «Ұлт ұстазы-Ахмет» атты әдеби кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан, рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын насихаттау. Шараға АИТ колледж студенттері, барлығы - 20 оқырман қатысты.

Подробнее...

Мәшһүр Жүсіп - Шығармалар жинағы

Қалалық №4 кітапханада ғұлама, дінтанушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Шығармалар жинағына» кітап беташары ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Өзі де сөзі де дара тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұрпақтан - ұрпаққа баға жетпес мол мұра қалдырған. Қазақтың ғұлама, дінтанушы танымал перзентінің шығармаларын кеңінен насихаттап, бабамыздың ардақты да айбарлы, ойшыл жырларын қастерлеп оқитын оқырман қауымға насихаттау. Қатысқандар - 15 оқырман.

Подробнее...

Тастандының тағдыры - Сексеуіл кітапханасы

Сексеуіл қыстақтық кітапханасының ұйымдастыруымен № 231 мектеп кітапханасында Д.Батырдың «Тастандының тағдыры» кітабына талдау өткізілді. Мақсаты: жас оқырманды имандылыққа, кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Шараға №231,№177 мектеп мұғалімдері мен оқушылары, спорт мектебінің қызметкерлері, барлығы-19 оқырман қатысты.

Подробнее...

Подкатегории

Подкатегории

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін31
Кеше201
Осы аптада1152
Осы айда5197
Барлығы98837

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн