abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

«Тәрбие басы – тіл» атты әдеби кеш

Til     Абай атындағы орталық кітапханада оқырмандар арасында «Тәрбие басы – тіл» атты әдеби кеш өткізілді.
     Шара барысында қазақ халқының тілі халқымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан ұлтымыздың төлқұжаты, рәміздік белгісі, мәдениетіміздің мәйегі, рухани әлемнің сарқылмас қазынасы екенін, тілдің осындай құдіретін терең түсініп, қадірлей білген ата-бабаларымыз өз тілін ардақтап, кие тұтып, тіл құдіретін танып, неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді қастерлеп, ұрпақтарына аманаттағанын, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізген бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, еліміздің ұлы тұлғалары армандаған осы бақытты кезеңде ана тіліміз мемлекетіміздің Туы, Әнұраны, Елтаңбасымен қатар тұрып, әлемге жарқ етіп, бой көрсеткен жаңа дәуірдегі қазақ елінің маңызды рәміздерінің біріне айналғаны таныстырылды. Кең байтақ Қазақстанның төл мәдениетімен сусындаған, өз бойларына баба дәстүрін сіңірген ұрпақтарымызға «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дейміз...

«Әбдіжәміл – адамзат тарихының жаршысы»

TuganKunAbeАрал аудандық орталық кітапханада, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,жерлес қаламгер Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың 95 жылдық мерейтойына арналып, «Әбдіжәміл – адамзат тарихының жаршысы» атты әдеби конференция ұйымдастырылды. Конференция аясында​ «Текті тұлға дара дарын», «Әдебиет әлемінің абызы», «Әлем​ мойындаған - Әбдіжәміл» тақырыбында​ баяндама жасалып,​ ​ қазақ​ халқының​ заңғар жазушысы, әлем және ТМД елдеріне танымал қаламгер, қоғам қайраткері, Қазақ PEN клубының негізін қалаушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің руханияттағы дара орны​ және оның әдеби дамуға қосқан үлесі​ кеңінен​ танытылды. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар​ сөз алып,​ көркем әдебиет пен жалпы адамзаттық мәдениетті жаңғыртудағы қазақ және Қазақстан әдебиетін​ Ә. Нұрпейісов шығармалары арқылы зерделеу, аталған тұлғаның адамзат өркениетіне сіңірген еңбегі​ жайлы​ кеңінен әңгімеледі. ​ Конференция соңында «Толқында туған тарлан» атты кітап көрмесіне шолу беріліп, әдебиет әлемінің​ тұтас бір мектебіне айналған жарқын тұлға, абыз жазушы Ә. Нұрпейісовтің​ шығармалары насихатталды.

Сыр бойы 90 жыл

СырБойыАбай атындағы орталық кітапханада кешегі өткен ғасырдағы уақыт талабын өз оқырмандарына жеткізіп, дәуір толқынымен тыныстаған қос ақпарат көздері «Кызылординкие вести», «Сыр бойы» газеттерінің 90 жылдық мерей тойына орай «Сырдың сырлы шежірешілері» атты қос басылымның редакторлары мен тілшілері, ақын- жазушылармен кездесу кеші өткізілді. 
«Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің редакторлары Қ. Шарабидинов, Қ. Ботаевтар Сыр аймағының бірлігі мен тірлігін, ел – халықтың тұрмыс тіршілігін, мұң – мұқтажын, саясатты сөз айтатын белді басылымдардың, келешекке көз тіккен кемел ойын, тұрақты көзқарасы, салмақты ой қозғайтын, өзгеше ізденістері бар уақыт талабымен үндескен озық оқырманының талап талғамынан шығу жолында түрлі жаңаша жұмыстар атқарып жатқандарын тілге тиек етсе, қос басылымда еңбектің көрігін қыздырған еңбек майталмандарының өмірінен сыр шерткен Аралдың абыз ақсақалы Ш. Дәрмағанбетов, Ж. Жақып, Ж. Кемалдар өздерін еңбек еткен жылдардан естеліктер айтса, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш бүгінгі заман талабынан табылып отырған ақпарат айдынының ауқымы жайын сөз етті.
«Газет – халықтың көзі, құлағы hәм тілі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітапханаға кітап сыйла акциясы

КитапСыйАудандық орталық кітапханада "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кітапхана қорын жаңа жəне қолдануға жарамды тарихи мəдени құндылықтарын жоғалтпаған басылымдармен толықтыру, кітаптың құдіретін таныту, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында "Кітапханаға кітап сыйла!" акциясы өткізілді. 
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деп жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай ,Кітап – сарқылмайтын теңдесі жоқ алтын бұлақ және көнеріп, тозуды білмейтін алтын қазына.
«Кітапханаға кітап сыйла!»акциясына кітапхананың тұрақты оқырмандары,кітап жанашырлары «Қазақ тілі» қоғамдық Арал аудандық филиалының төрағасы Жұмабай Жақып, «Арал азаматтары» кітабының авторы Кеулімжай Күмісовтың баласы Мұрат Күмісов,№220 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дархан Аманжоловтар қатысып,ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра кітап екендігін ,көп оқыған адамның көкірек көзі әрқашанда ояу, зейіні зерек, жүрісі сергек келетінін айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. "Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы барысында барлық қалалық,ауылдық кітапхана оқырмандары кітапханаға 354 дана кітап сыйға тартты.

Толқында туған тарлан

Абе95Жазушылық қабілеті түркі халықтарынан асып, Еуропаны мойындатқан көрнекті қазақ қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 20 ғасырда әдебиеттің дамуына сүбелі үлес қосқан жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов биыл 95 жасқа аяқ басты.

Осы орайда, күні кеше Арал аудандық орталық кітапханада жазушы, қоғам қайраткері Ә.Нұрпейісовтың 95 жылдық мерейтойына орай «Толқында туған тарлан» атты кең көлемді көрме ұйымдастырылды.

Киелі Арал топырағының төл перзенті, қазақ әдебиетінің абызы атанған жазушының өмірі мен шығармашылығын кейінгі ұрпақтарға үлгі тұтып, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Төрахметов бастаған сала қызметкерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жазушының шығармашылығынан сыр шерткен көрмені аталған кітапхананың кітапханашысы Өтегенова Мейрамкүл таныстырып, көрменің бес бөліміне жекелей тоқталып, кеңінен әңгімеледі.

«Тоқсан беске толған толағай» бөлімінде әдебиетіміздің мақтанышына айналған алып жазушының өмір жолы мен «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» романы, «Күткен күн», «Сең», «Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болған» атты кітаптарымен таныстырылып, толқын тебіренткен таланттың тың туындылары баяндалды. Екінші бөлімде «Қан мен тер» трилогиясында қазақ төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының трагедиялық жағдайы, халық болмысы мен күллі адамзатқа тән арман-мұраты қайталанбас қадау-қадау образ-характерлер арқылы айқын суреттелген.

Айта кету керек, көрмеде жазушының Аралдың арда азаматтарымен, қоғам қайраткерлерімен түскен фотосуреттері, 70 аса туындылары мен 20-ға тарта баспасөз материалдары қойылған.

Подкатегории

Подкатегории

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін23
Кеше192
Осы аптада215
Осы айда3082
Барлығы119223

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн