abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

1-наурыз алғыс айту күні

Қазақ халқы – тумысынан кез-келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған. Ол әдетіміз біздің әдептілігіміздің белгісі. Елбасының Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді.Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір –біріне жылу сыйлауы. Осы күнге орай, Абай атындағы орталық кітапханаға № 220 мектептің бір топ оқушыларын бастап келген, химия пәнінің мұғалімі Қанатов Нұрталап Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр - мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана» деп атап өткеніндей, бүгінде мектеп пен кітапхананың тығыз байланыста екенін, мектептің кітап сүйер оқырмандарын шығарма әлеміне шақырып, олардың сыныптан тыс танымдық қабілеттерін дамытқан, оқушының ой-өрісін кеңейткен, өздігінен кітап оқуға тәрбиелеп, олардың оқуға деген құштарлықтарын оятқан, оқу мәдениетіне қалыптастырған барлық кітапхана ұжымына өз алғыстарын айтып, қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыстады.

Подробнее...

Ауғандағы сұм соғысты көрдім мен

Аудандық орталық кітапханада Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған жауынгерлерінің ел үшін қан кешкен тағдыры мен қаhармандықтары,өз отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі етіп,жастарымызды ұлтжандылыққа ,Отанын сүюге,Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеу мақсатында "Ауғандағы сұм соғысты көрдім мен"атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері Т.Назаров,Т.Байбазаров, Б.Жұбанов, С.Бейсенбаев, О.Алдамжаров, А.Нөсербаев, З.Әжіғулов және колледж студенттері мен жастар ресурстық орталығының жастары қатысты.

Подробнее...

Ұлы даланың көне сарындары

Қосжар ауылдық кітапханасы мен №67 мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, eл дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екендігін ұғындыру,оқырмандарға елінің тарихы мен мәдениетін білетін патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында «Ұлы даланың көне сарындары» тақырыбында тарихи таным сағаты өткізілді. Шара барысында Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті көне сарындар, жәдігерлеріміз туралы кеңірек мәлімет берілді.

Подробнее...

Ұлы даланың жеті қыры

Ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы оқырмандарға тарихи әрі рухани байлықты сақтап, дамыту және ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау,келер ұрпақтың үлесінде екендігін ұғындыру мақсатында орталық кітапхананың жанынан ашылған Коворкинг-білім орталығында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Подробнее...

Бір ел-бір кітап акциясы

  Орталық кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясына байланысты «Қазақты тарихымен  қауыштырған қаламгерлер» атты кең көлемді,мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Биылғы жылы жалпыхалықтық оқуға жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдалды. Аталған авторлардың шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан баға жетпес үлесі болып табылады.Себебі, бүгінгі таңда жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін дамыту, оларды отандық мәдениетке және ең алдымен әдебиет құндылықтарына тарту өте маңызды мәселе.Кітап көрмесінің мақсаты: Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру.Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.Кітап көрмесіне осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі,филология ғылымдарының докторы,профессор,қоғам қайраткері , Қазақстанның халық жазушысы Ә.Тәжібаевтың қаламынан туындаған шығармалары мен өмірбаяны, ол туралы сын мақалалары мен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітаптары мен сын мақалалары,фотолары қойылды.

Құрметті оқырман ! 2019 жылдың ең үздік туындыларын оқуға шақырамыз!

Подробнее...

Подкатегории

Подкатегории

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін38
Кеше216
Осы аптада1046
Осы айда2409
Барлығы92239

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн