abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Тәуелсіздігімізге 30 жыл
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

«Өндірісті өркендеткен ер еді»

Токпан            Жақсықылыш кент кітапханасы "Туған өлкем-қандай көркем" жобасы аясында "Аралтұз" акционерлік қоғамының еңбек ардагері Тоқпан Сейітовтың өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында " Өндірісті өркендеткен ер еді" атты таным сағатын өткізді. Тоқпан Сейітов –Жақсықылыштың тұрғыны,кітапхананың тұрақты оқырманы ,өндірісті өркендетуге үлкен үлес қосқан еңбек ардагері.1957 жылдан бастап «Аралтұз»комбинатында зейнетке шыққанша еңбек еткен.Комбинатта тұз қазу цехының механикі болып жүріп,мекеме басшыларымен бірігіп ғылыми жобаларды жүзеге асырып, өз еңбегін Украйинаның Артемский қаласындағы тұз шаруасы жөніндегі ғылыми зерттеу институтының ғалымдарына ұсынып,жаңа тұз қазу комбайн жасауға келісім алған.Т.Сейітов ұсынған ғылыми жобаны институт қызметкерлері әрі қарай дамытып 1978 жылдары жаңа комбайн жасап шығарған.1978 жылы сынақтан өткізілген жаңа комбайн сағатына 350 тонна тұз қазатын жетістікке жеткен.Сол комбайнның арқасында тұз қазу нормасы артығымен орындалып,комбинат көп жетістікке жеткен.Осындай еңбегі еленіп,Еңбек ардагері төсбелгісімен марапатталған.Дәмелі апаймен бірге 12 бала өсіріп,өскен,өнген отбасы бола білді.

«Шығыстың ұлы ойшыл дүлділі»

АлФараби1                 Сексеуіл қыстақтық кітапханасы Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойына орай  «Шығыстың ұлы ойшыл дүлділі» атты танымдық сағатын өткізді.Таным сағатын өткізу аясында   «Бір ел-бәр кітап» акциясы бойынша таңдалған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабы оқырмандарға кеңінен насихатталып,таныстырылды.

Жазушы, журналист Ж. Жақып 75 жаста

Jumabai              Аудандық орталық кітапхана Жергілікті жазушы,ақын,журналист,күйші Жұмабай Жақып Жақсылықұлының 75 жылдық мерейтойына орай ,ақынның өмірімен шығармашылығын таныстыру мақсатында « Сан қырлы өнер тұлғасы» атты сұхбат өткізді. Жұмабай Жақсылықұлы 1945 жылы  Арал ауданында дүниеге келген.Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінде жауапты хатшы,облыстық телерадио комитетінде – журналистика саласында 1970 жылдары еңбек еткен, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның  құрметті журналисті, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты, проза саласында Республикалық «Жалын» баспасы бәйгесінің 1991 жылғы және ел тәуелсіздігінің 15 жылдығы құрметіндегі «Тәуелсіздікті ту еткен»атты республикалық әдеби байқаудың 2005 жылғы жүлдегері. Қазіргі таңда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қоғамдық бірлестігі Арал аудандық филиалының  төрағасы болып қызмет атқарып, қазақ тіл мәртебесін көтеруде кітапхана оқырмандарымен , жастар арасында қаншама  мәдени шаралардың  ұйтқысы болып  келеді.

Жазушының Сыр өңірінің атақты би, күйшілерін зерттеген «Жетес би», «Сазгер-күйші Шал-Мырза» және «Шешілген түйін», «Теңіз қызы мен тау жігіті», «Аралдық Бауыржанның әзіл әлемі» атты прозалық, «Жастық шақтан бір белгі» атты кітаптары бүгінде оқырман қауымның сүйіп оқитын шығармаларына айналған.Сұхбат  барысында ақынның балалық шағы,өмірі мен  шығармашылығы туралы  кеңінен әңгімеленді.

«Латын әліпбиі – өркениет есігін ашатын кілт»

Latyn         Латын әліпбиіне көшу  қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жол ашатынын, осы маңызды шешімге қолдау білдіріп, жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандықтың  абыройлы міндеті,болашақ үшін әлдеқайда маңызды.Елбасының бастамасымен қолға алынған  латын әліпбиіне көшу-тіліміздің даму тұрғысынан да,төл әліпбиімізді  құру жағынан да алға жетелейтін бастама. Осыған орай  Қалалық №4 кітапхана Қызылорда облысы, Арал ауданы бойынша  тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ізбасарова Перизаттың қатысуымен   «Латын әліпбиі – өркениет есігін ашатын кілт» атты ақпараттық сағатын өткізді.

« Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы

GulnurҚазақстанда « Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциаясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау,қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру,Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылықты дамыту,сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік рухани дамуына – ықпал ету.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында облыс кітапханашылары арасында «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты онлайн-байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін шыңдауға жол ашу.Байқауға Ә.Әлімжановтің «Ұстаздың оралуы» шығармасын талқылау ұсынылды.
Аудандық, қалалық және ауылдық кітапхана қызметкерлері белсенділік танытқан бұл бәйгеде Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары да қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Шалманова Гүлнұр Маратқызы ІІ – орынды иеленсе, қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Өтегенова Мейрамкүл Махамбетжанқызы алғыс хатпен марапатталды. Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Рәміздер

Жолдау 2021

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін132
Кеше136
Осы аптада437
Осы айда2152
Барлығы131741

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн